Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 7 шiлдедегi
N 1401 Жарлығымен
бекiтiлдi
Республикалық бюджет жобасын және
төтенше мемлекеттік бюджетті әзiрлеу
ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi, алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Орта мерзiмдi жоспар), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат), мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына елдегi ахуал және республиканың iшкi және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
(РҚАО-ның ескертуі:
P020647
;
P040677
қараңыз)
2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
1) алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау;
2) ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн айқындау;
3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдердi жасауы;
4) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау;
5) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу.
2-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау
3. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган үш жылдық кезеңге бекiтiлген бюджеттiк алымдар көлемiн ескере отырып және Орта мерзiмдi фискалдық саясат негізiнде бюджет құрылымына сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерiн айқындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
4. Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерiн қарайды және олар жөнiнде шешiм қабылдайды.
3-тарау. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстардың лимиттерiн айқындау
5. Республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, терiс операциялық сальдоның жол берiлетiн шектi мөлшерi, Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған басқа да көрсеткiштер, республикалық бюджет тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi және Орта мерзiмдi жоспарда айқындалған басқа да макроэкономикалық көрсеткiштер, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерi негiзiнде қалыптастырады.
6. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган:
ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшiн бюджет шығыстарының лимитін;
бюджеттік даму бағдарламалары үшiн бюджет шығыстарының лимитiн Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізедi.
7. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар үшiн шығыстар лимиттерiн есептеу кезiнде:
1) республикалық бюджет кiрiстерiнiң көлемiнен аспауы тиiс үш жылдық кезеңге белгіленген бюджеттік субвенциялардың көлемiн қоса алғанда, ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығындардың жалпы көлемi;
2) бекiтiлген заттай нормалар;
3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемi;
4) бюджеттiк шығыстарды ұлғайту немесе қысқарту жөнiнде Орта мерзiмдi фискалдық саясатта көрсетiлетiн бағыттар;
5) ағымдағы қаржы жылы аяқталатын ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларды алып тастау қажеттiгi;
6) өзге де қажеттi жағдайлар ескерiледi.
8. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар үшiн шығыстардың лимиттерi бюджеттiк бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсi үшiн айқындалады. Шығыстардың жекелеген түрлерiн жалпы лимиттерден бөлiп көрсетуге рұқсат етiледi.
9. Бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың лимиттерi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi арасында бөлiнбей, тұтас айқындалады. Бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимитiнiң көлемi республикалық бюджет шығыстарының жалпы болжамды көлемi мен ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар үшiн шығыстар лимиттерiнiң жалпы көлемi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi.
10. Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға, бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн қарайды және мақұлдайды.
11. Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар үшiн шығыстардың лимиттерiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, ал бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың лимитiн бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жеткiзедi.
12. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемелерi негізiнде және Республикалық бюджет комиссиясы айқындаған, бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерi шегiнде:
1) ағымдағы қаржы жылы мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiнде iске асырылатын инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басым инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар жөнiндегi ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 маусымына дейiн Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
13. Республикалық бюджет комиссиясы 12-тармақта көрсетiлген тiзбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзi мен тетiгiн және оларды iске асыруға жауапты болатын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн айқындайды.
14. Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған басым бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.
4-тарау. Республикалық бюджеттік бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдердi жасауы
15. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен:
бiрыңғай бюджеттiк сыныптама;
ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимитi;
басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесi;
өткен қаржы жылында Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiм;
Орта мерзiмдi жоспар;
Орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде жасалады.
16. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 25 маусымынан кешiктiрмей бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген кестеге сәйкес ұсынады.
17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттердi және бюджеттiк кредиттердi қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті органға облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бөлiнiсiнде осы бюджеттік бағдарламалар бойынша негiзделген есептеулердi ұсынады.
5-тарау. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн қарау
18. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган:
1) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың осы Ережеде және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестiгіне қарайды;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен ұсынылып отырған бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi;
3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi бойынша қорытынды дайындайды;
4) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне республикалық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттiк кредиттердiң көлемi жөнiнде ұсыныс дайындайды.
19. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi жөнiндегі қорытындының нысанын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
20. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның олар бойынша қорытындысы, сондай-ақ бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне республикалық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттiк кредиттердiң көлемi жөнiндегi ұсынысы ағымдағы қаржы жылының 15 шiлдесiнен бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
21. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына екi кезеңмен енгiзiлуi мүмкiн.
Бiрiншi кезеңде ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар енгiзiледi. Бұл ретте, жаңа әрi қосымша бюджет қаражатын талап ететiн, жеке қаралатын бюджеттiк бағдарламаларды қоспағанда, Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларды бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерi бойынша тұтастай қарайды.
Екiншi кезеңде бюджеттiк даму бағдарламалары енгiзiледi.
Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттiк өтiнiмдердi тақырыптық топтар бойынша қарау тәртiбiн белгiлей алады.
22. Республикалық бюджет комиссиясының республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау кестесiн Республикалық бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.
23. Республикалық бюджет комиссиясы енгiзiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындыларын, сондай-ақ облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне республикалық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттiк кредиттердiң көлемi жөнiндегi ұсынысты қарайды және ағымдағы қаржы жылының 25 шiлдесiне дейiн олар жөнiнде шешiм қабылдайды.
24. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасындағы келiспеушiлiктердi Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
25. Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттiк бағдарламалар бойынша түпкiлiктi шешім қабылдағаннан кейiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қосымша өтiнiмдер бере алмайды.
26. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейiн республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын және шығыстарды есептеулердi Республикалық бюджет комиссиясының шешiмдерiне сәйкес келтiредi және оларды бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
6-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу
27. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
28. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасы негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынады.
29. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.
30. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу туралы Жарлығы не Қазақстан Республикасының бiрнеше өңiрiнiң аумағында төтенше жағдайды енгiзу төтенше мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
31. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады.
8-тарау. Төтенше мемлекеттiк бюджет жобасын әзiрлеу
32. Қазақстан Республикасының Президентi төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзген кезде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу туралы Жарлығы қабылданған күнгi жағдай бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген көрсеткiштерiн және олардың кассалық атқарылуын ұсынады.
33. Тиiстi мемлекеттiк органдар бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға төтенше немесе соғыс жағдайының әрекет ету уақытында жүзеге асырылатын iс-шараларды қаржыландыру жөнiндегi бюджеттiк өтiнiмдердi енгiзедi.
34. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган төтенше немесе соғыс жағдайының iс-шараларын қаржыландыру үшiн бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ қаржыландырылуы бюджет қаражатын қайта бөлу мақсатында тоқтатыла тұратын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
35. 34-тармақта көрсетiлген бюджеттiк бағдарламалардың тiзбелерi мен көлемiн Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдағаннан кейiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше мемлекеттiк бюджет туралы Жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше мемлекеттiк бюджет туралы Жарлығының жобасына:
1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде белгiленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттiк бюджет;
2) төтенше мемлекеттiк бюджет құрамына енгiзiлген және төтенше немесе соғыс жағдайының iс-шараларын қаржыландыруға сұранысты ескере отырып түзетiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң көрсеткiштерi қоса берiледi.
36. Егер Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу туралы Жарлығында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше мемлекеттiк бюджет туралы Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне енгiзедi.