Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 1393 Жарлығы

Қолданыстағы

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң медальдары туралы" 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 136-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн";
      5) "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн".";
      2) 2-тармақ "3" деген цифрдан кейiн ", 3-1, 3-2." деген цифрлармен толықтырылсын;
      3) 3-тармақ "6" деген цифрдан кейiн ", 6-1, 6-2." деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) осы Жарлыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда 3-1, 3-2, 6-1, 6-2 қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2004 жылғы 16 маусымдағы 
N 1393 Жарлығына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына     
3-1-қосымша      

  "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн"
медалiнiң сипаттамасы

      "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағында жоғарғы жақта ортада жер шарының бейнесi, төменде - жер шары бейнесiнiң астында қалықтаған "бейбiтшiлiк көгершiнi" орналасқан. Жиектiң жоғарғы iшкi жағын бойлай "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" деген жазу орналасқан.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу, төменгi жағында - тегiс екi қырлы сәуле шашқан бес бұрышты жұлдыз, күн және қалықтаған қыран орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер, жазулар бедерлi, алтын түстес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен сол жақ жартысы жасыл түстi, оң жағы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 34 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрыш нысанындағы тағанға жалғанады.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2004 жылғы 16 маусымдағы 
N 1393 Жарлығына     
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына     
3-2-қосымша      

  "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн"
медалiнiң сипаттамасы

      "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында қылышпен, садақпен, жебелi қорамсақпен және аттың жалынан жасалған шашақпен безендiрiлген ұзын найзамен айқастырылған қалқанның бейнесi, төменгi жағында - қол алысуды бiлдiретiн нышан орналасқан. Жиектiң жоғарғы iшкi жағын бойлай "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" деген жазу орналасқан.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу, төменгi жағында - тегiс екi қырлы сәуле шашқан бес бұрышты жұлдыз, күн және қалықтаған қыран орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер, жазулар бедерлi, алтын түстес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 34 мм және биiктігі 50 мм бес бұрыш нысанындағы тағанға жалғанады. Оған солдан оңға қарай енi 4 мм-ден ақ, сары және жасыл түстi үш жолақ жүргiзiлген. Жолақтардың ара қашықтығы - 2 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2004 жылғы 16 маусымдағы 
N 1393 Жарлығына     
3-қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына     
6-1-қосымша      

  "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн"
медалiмен наградтау
Ережесі

      1. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерде жүргiзiлетiн бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ басқа да адамдар және басқа мемлекеттердiң азаматтары наградталады.
      3. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiмен наградтау туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, соның iшiнде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелердiң, әскери оқу орындарының), жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңiрiне "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiнен кейiн тағылады, аталған медальға лента жалпы планкада "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiнiң лентасынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2004 жылғы 16 маусымдағы 
N 1393 Жарлығына     
4-қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына     
6-2-қосымша      

  "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн"
медалiмен наградтау
Ережесі

      1. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiмен халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға және жауынгерлiк достастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi, сондай-aқ басқа да адамдар және басқа мемлекеттердiң азаматтары наградталады.
      3. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiмен наградтау туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары айқындайды. Медальмен қайтадан наградтау жүргiзiлмейдi.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, соның iшiнде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелердiң, әскери оқу орындарының), жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңiрiне "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiнен кейiн тағылады, аталған медальға лента жалпы планкада "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiнiң лентасынан кейiн орналасады.