Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 және 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 жарлықтарына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 1367 Жарлығы

Қолданыстағы

 "Президент пен Үкімет   
актілерінің жинағында"  
жариялануға тиіс     

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  17-1-бабына  сәйкес және Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат):

      аталған Жарлықтың 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу және
      бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі            573
      оның ішінде аумақтық органдар                        408";

      2) "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 27, 250-құжат; N 41, 427-құжат):

      2-тармақтағы "576" деген цифр "573" деген цифрмен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті