Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 мамырдағы N 1363 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58  өкіміне  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат):

      аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның құрамына енгізілсін:

Әбдікәрімов             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Оралбай                   хатшысы, Комиссия төрағасы;

      мына жолдар:

"Қалетаев               - Қазақстан Республикасының Президенті
Дархан Аманұлы            Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                          меңгерушісі, Комиссия төрағасының
                          орынбасары

Рябченко                - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Олег Григорьевич          ақпарат және қоғамдық келісім бірінші
                          вице-министрі, Комиссия хатшысы"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Қалетаев               - Қазақстан Республикасының Президенті
Дархан Аманұлы            Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының
                          Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі,
                          Комиссия төрағасының орынбасары

Рябченко                - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Олег Григорьевич          бірінші вице-министрі, Комиссия
                          хатшысы";

      Комиссия құрамынан И.Н.Тасмағамбетов шығарылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына енгізілсін:

Әбдікәрімов             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Оралбай                   хатшысы, төраға,

Тілеубердин             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Алтай Абылайұлы           Кеңсесінің Басшысы, төрағаның
                          орынбасары,

      Комиссия мүшелері:

Оразалин                - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
Нұрлан Мірқасымұлы        төрағасы (келісім бойынша),

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы          Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
                          комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

      мына жол:

"Қалетаев               - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Аманұлы            Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                          меңгерушісі"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Қалетаев               - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Аманұлы            Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының
                          Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі";

      аталған Комиссияның құрамынан И.Н.Тасмағамбетов, А.С.Павлов, М.А.Құл-Мұхаммед шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті