1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі N 173 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 49, 556-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 12-1 жолмен толықтырылсын:
"12-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы";
реттік нөмірі 24-1 жол алынып тасталсын;
2-қосымшада:
реттік нөмірі 15-1 жолмен толықтырылсын:
"15-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы";
реттік нөмірі 26-1 жол алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына :
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлерінің жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік Басшысы"
Қауіпсіздік Кеңесінің
Хатшысы
деген жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президент Премьер-Министр"
Премьер-Министрінің
орынбасарлары
деген жолдан кейін
"Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік Басшысы"
Қауіпсіздік Кеңесінің
Хатшысы
деген жолмен толықтырылсын.