Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
27-тармақта:
2) тармақшадағы "ішкі істер" деген сөздерден кейін ", қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "ішкі істер" деген сөздерден кейін ", қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын.