Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 25 наурыздағы N 1319 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына:

      Марченко - Қазақстан Республикасы

      Григорий Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Александрович

      енгізілсін;

      аталған Жарлыққа 2-қосымшада:

      мына жолдар:

      "Әбіқаев - Қазақстан Республикасы Президенті

      Нұртай Әкімшілігінің Басшысы",

      "Әбдікәрімов - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Оралбай Әбдікәрімұлы Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)",

      "Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының

      Иманғали Нұрғалиұлы Мемлекеттік хатшысы";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасы Президенті

      Иманғали Нұрғалиұлы Әкімшілігінің Басшысы",

      "Әбіқаев - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Нұртай Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)",

      "Әбдікәрімов - Қазақстан Республикасының

      Оралбай Мемлекеттік хатшысы";

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамынан А.С.Павлов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті