Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы N 1251 Жарлығы

Қолданыстағы

Республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс    

      Мемлекеттің қылмыстық саясатын одан әрі ізгілендіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 1-тармағына және 40-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасында өлім жазасын толық жою туралы мәселе шешілгенге дейін оны орындауға мораторий енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі он күн мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне осы Жарлықтың 1-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруды, оның ішінде 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза туралы қағидаларын қолданысқа енгізуді қамтамасыз ететін заң жобасын енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыстық жазалау шаралары ретінде өлім жазасын көздейтін, күшіне енген сот үкімдерінің заңдылығын және негізділігін тексерсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті