Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 30 қазандағы N 1214 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қаулы етемін:
      1. Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенциясының жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Нұрлан Әбділдаұлы Ысқақовқа Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізуге және қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті