Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып:
Тұрысбеков - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Зауытбек Қауысбекұлы министрі
тағайындалсын;
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің құрамынан Қ.Ш. Сүлейменов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті