Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 13 қыркүйектегі N 1189 Жарлығы. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

"Актілер жинағында" және  
республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс      

      Қазақстан Республикасының Конституциясы  44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
      2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы абзац алынып тасталсын:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі";
      мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі".

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті