Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 тамыздағы N 1179 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 56, 620-құжат; 2002 ж., N 6, 36-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мына:

"Жақсыбеков               - Астана қаласының әкімі,
Әділбек Рыскелдіұлы         комиссия төрағасының орынбасары

Досмұхамбетов             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Темірхан Мыңайдарұлы        Іс Басқарушысы, комиссия
                            төрағасының орынбасары

                          Комиссия мүшелері:"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Досмұхамбетов            - Астана қаласының әкімі, комиссия
Темірхан Мыңайдарұлы        төрағасының орынбасары

                          Комиссия мүшелері:

Жақсыбеков                - Қазақстан Республикасының
Әділбек Рыскелдіұлы         Индустрия және сауда министрі";

      Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов                   - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы          Премьер-Министрі, төраға,

Досмағамбетов             - "Астанабасжоспар" КМК-ның директоры,
Байыр Фарденұлы

Досаев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Ерболат Асқарбекұлы

Исаев                     - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы         Экономика және бюджеттік
                            жоспарлау вице-министрі,

Омаров                    - Қазақстан Республикасының
Қайсар Оспанұлы             Индустрия және сауда министрлігі
                            Құрылыс істері жөніндегі
                            комитетінің төрағасы,

Сапарбаев                 - Қазақстан Республикасы Кедендік
Бердібек Мәшбекұлы          бақылау агенттігінің төрағасы;

      көрсетілген комиссия құрамынан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Келімбетов Қайрат Нематұлы, Шардарбеков Шәріпбек, Рүстембеков Ақмырза Исаұлы шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев