Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 1160 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығымен бекітілген Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып:

АХМЕТОВ                    - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы           Премьер-Министрі;

ӨТЕМҰРАТОВ                 - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
Болат Жәмитұлы               Кеңесінің Хатшысы;

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып:

ТАСМАҒАМБЕТОВ              - Қазақстан Республикасының
Иманғали Нұрғалиұлы          Мемлекеттік хатшысы

бекітілсін.

"ТОҚАЕВ                    - Қазақстан Республикасының
Қасымжомарт Кемелұлы         Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан
                             Республикасының Сыртқы істер
                             министрі"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"ТОҚАЕВ                    - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қасымжомарт Кемелұлы         істер министрі".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті