"Президент пен Үкімет
актілерінің жинағында"
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеуге әрi iске асыруға бiрыңғай ұстанымды қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
21-бабы
2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу және iске асыру ережесi (бұдан әрi - ереже) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу және iске асыру кезiнде осы ереженi басшылыққа алсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 2 маусымдағы
N 1099 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар
әзiрлеу және iске асыру ережелерi
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламаларды (бұдан әрi - мемлекеттiк бағдарлама) әзiрлеуге және iске асыруға бiртұтас ұстанымды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды және мемлекеттiк бағдарламалар жобаларын қалыптастырудың ұйымдастырушылық-әдiстемелiк негiздерiн, жалпы принциптерiн, оларды әзiрлеу, келiсу және бекiту, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Мемлекеттiк бағдарламалар неғұрлым ауқымды әрi маңызды экономикалық, әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды, мақсаттарды нақты айқындауға негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған Даму
стратегиясында,
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларында айқындалған ұзақ мерзiмдi басымдықтарды ескере отырып, алға қойған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн күтiлетiн нәтижелер көрсетiлiп, мерзiмдерi, ресурстары және орындаушылары бойынша келiсiлген iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
3. Мемлекеттiк бағдарламалар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының құрамында бекiтiлетiн Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекет және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесiне (бұдан әрi - тiзбе) енгiзiледi.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының
44-бабына
сәйкес мемлекеттiк бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президентi бекітедi.
5. Мемлекет басшысы не оның уәкiлеттiк беруiмен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгi
, құзыретiне:
бағдарламаларды әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiне әдiснамалық басшылықты жүзеге асыру;
тiзбенi жасауды және одан әрi жүргiзудi жүзеге асыру;
бағдарламалардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;
бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелiлiгiн) бағалауды жүргiзу енетiн бағдарламалар жөнiндегi уәкiлеттi органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) айқындайды.
Уәкiлеттi органның құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелiлiгiн) бағалауды олар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен бiрлесiп жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк бағдарламаларға қойылатын
негiзгi талаптар
6. Мемлекеттiк бағдарламалар Қазақстан Республикасының
Конституциясына
,
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
актiлерiне
сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша әзiрленедi.
Мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу жалпыұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртiбiн, заңдылығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған салааралық сипаты бар мәселелер бойынша жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар әзiрлейдi.
8. Мемлекеттiк бағдарламалар орта мерзiмдi (кемiнде 3 жыл) немесе орта мерзiмдi үш жылдық кезеңдердi мiндеттi түрде бөле отырып, 3 жылдан астам ұзақ мерзiмдi кезеңге әзiрленедi.
Ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары тиiстi орта мерзiмдi кезеңдерге арнап жасалады.
9. Мемлекеттiк бағдарламалар мынадай негiзгi белгiлерге ие болуға тиiс:
1) мемлекеттiк бағдарламаның нақты мақсаттарын, оны iске асыру жолдары мен тетiктерiн айқындаудың нақтылығы;
2) бағдарламалық iс-шаралар мен тапсырмалардың атаулылығы, оларды iске асыру мерзiмдерiнiң нақты айқындалуы және дәйектiлiгi, орындаушылар қызметiнiң бағдарламалық мақсаттарға қол жеткiзуге қатаң бағдар ұстануы;
3) басқа бағдарламалармен келiсушiлiкке қол жеткiзу;
4) қаржы, еңбек және техникалық ресурстардың және оларды қамтамасыз ету көздерiнiң теңгерiмдiлiгi.
10. Мынадай:
1) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштерге проценттiк арақатынаспен берiлген шығыстар көлемiн регламенттейтiн;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер қабылданғаннан кейiн олардың кiрiстерiн кемiтуге және (немесе) шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын;
3)
Республикалық бюджет комиссиясының
қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерi бөлiнiсiнде қаржыландыру көлемi бойынша оң қорытындысы жоқ;
4) қолданыстағы бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiн, сондай-ақ осы бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қайталайтын;
5) жекелеген саланың немесе нақты өңiрдiң (қаланың, аумақтың) проблемаларын шешуге бағытталған;
6) осы Ережелердiң 6 және 9-тармақтарында белгiленген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттiк бағдарламаларды бекiтуге жол берiлмейдi.
3. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы
11. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) паспорт (негiзгi параметрлер);
2) кiрiспе;
3) проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау;
4) мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi;
5) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi;
6) қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi;
7) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже және оның индикаторлары.
12. Паспортта: атауын, әзiрлеу негiздемесiн, мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның көрсетiлуiн, мақсаты мен мiндеттерiн, iске асыру мерзiмдерiн (кезеңдерiн), қаржыландыру көлемi мен көздерiн, күтiлетiн нәтижелердi қамтитын мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi параметрлерi сипатталады.
13. Кiрiспеде мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеудiң негiздемесi мен қажеттiлiгi көрсетiледi.
14. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау сандық және сапалық сипаттамаларды, күштi және әлсiз тұстарын, орын алып отырған проблемаларды, алдыңғы өткен бiрнеше жылғы қарқындағы негізгі көрсеткiштердi көрсетуге, сондай-ақ осы проблеманы шешу жөнiндегі Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмделуi мүмкiн шетелдiк оң тәжiрибенi шолуды қамтуға тиiс.
15. Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi дәл және нақты болуға тиiс.
Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларына негiзделе отырып қалыптасады.
Мiндеттер алға қойылған мақсатқа неғұрлым тиiмдi әдiстермен қол жеткiзу жолдарын айқындайды.
16. Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiктерiнде орын алып отырған проблемаларды шешу жөнiндегi жұмыстардың негiзгi бағыттары мен құралдардың тiзбесi, сондай-ақ алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жөнiндегi тетiктер көрсетiледi.
17. Мемлекеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, мемлекеттiк заемдар, мемлекеттiк кепiлмен тартылатын мемлекеттiк емес заемдар, тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердiң гранттары, екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi, ұйымдардың жеке қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылған жағдайда үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiне сәйкес жылдар, iс-шаралар және қаржыландыру көздерi бойынша қаржыландырудың нақты көлемi көрсетiлуi тиiс.
18. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже:
мемлекеттiк бағдарламаны тұтас алғанда және кезең-кезеңмен iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлуi мүмкiн материалдық және материалдық емес өзгерiстерде;
мемлекеттiк бағдарлама қол жеткiзуге бағытталған сапалық және сандық параметрлердi сипаттайтын индикаторларда (болжамды көрсеткiштерде) көрiнiс бередi.
Индикаторлар бақыланатын және тексерiлетiн, мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жылдары бойынша анықталатын болуға тиiс.
4. Мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу
және бекiту тәртiбi
19. Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу мен бекiтудiң мынадай:
1) ұйымдастырушылық;
2) мемлекеттiк бағдарлама жобасын әзiрлеу;
3) мемлекеттiк бағдарламаны келiсу және бекiту кезеңдерi көзделедi.
U090827
20. Мемлекеттiк бағдарлама жобасын әзiрлеудiң ұйымдастырушылық кезеңi мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттiк бағдарламаның жобасын тiзбеге енгiзу үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының жобасын қалыптастыратын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанынан кешiктiрмей ұсыныстарды жолдау. Ерекше жағдайларда көрсетiлген мерзiмдi Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгi ұзартуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын әзiрлеу кезеңiнде уәкiлеттi орган кейiннен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу үшiн әзiрленетiн мемлекеттiк бағдарламалар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етедi;
2) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органды айқындау.
Қажет болған кезде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан мүдделi мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын, мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган құрылады;
3) мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк орган басшысының құжаттарды (мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеудi үйлестiру жоспары, мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi, оның тұжырымды ұстанымдары, мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiнiң құрылымы) оларды кейiннен мемлекеттiк органдар мен бiрлесiп орындаушы ұйымдарға жолдай отырып, бекiтуi.
21. Мемлекеттiк бағдарламаның жобасын әзiрлеу кезеңi:
1) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның сұратулары негiзiнде мемлекеттiк бағдарламаны бiрлесiп орындаушы ұйымдардың әзiрленiп жатқан мемлекеттiк бағдарламаға, оның iшiнде оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар бөлiмдерiне, мақсаттарына, мiндеттерiне және жоспарына оның тұжырымды ұстанымдары бойынша ұсыныстар берудi;
2) бiрлесiп орындаушы ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның мемлекеттiк бағдарламаның жобаларын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын дайындауды көздейдi.
22. Мемлекеттiк бағдарламаны келiсу кезеңi:
1) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның, консультативтiк-кеңесшi органның мемлекеттiк бағдарлама жобаларын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын мүдделi мемлекеттiк органдарға келiсуге жiберуiн;
2) мемлекеттiк бағдарлама жобаларын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерi бөлiнiсiнде бағдарламалық iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша қорытынды алу үшiн
Республикалық бюджет комиссиясына
жiберудi қамтиды.
Егер мемлекеттiк бағдарламаның жобасы республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыруды талап ететiн жағдайда, ол бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау кезеңiнде тиiстi бюджет комиссияларына енгiзiледi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру болжанатын мемлекеттiк бағдарлама жобасында көзделген iс-шаралар тиiстi бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмiнде ұсынылатын бюджеттiк бағдарламалармен ұштастырылуға тиiс.
23. Мемлекеттiк бағдарламаны бекiту кезеңi:
1) мемлекеттiк бағдарламаның жобасын
белгiленген
тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынуды;
2) мемлекеттiк бағдарламаның жобасын
белгiленген
тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына ұсынуды;
3) мемлекеттiк бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуін қамтиды.
24. Бағдарламаларды әзiрлеу процесiн бюджеттiк процеспен үйлестiру мақсатында мемлекеттiк бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудiң, келiсудiң және бекiтудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
І тоқсанда - әзiрлеу;
II - III тоқсандарда - алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде негiзделген қаржылық есеп айырысуларды бере отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдерiнiң құрамында
Республикалық бюджет комиссиясымен
келiсу және оның қарауына енгiзу;
IV тоқсанда - бекiтуге енгiзу.
5. Мемлекеттiк бағдарламаларды іске асыру,
оларға мониторингтi жүзеге асыру және оларды
iске асыруды бағалау тәртiбi
25. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мынадай кезеңдерге бөлiнедi:
1) мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру;
2) тұрақты мониторинг жүргiзу;
3) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттiк бағдарламаны аяқтау (жалғастыру) туралы шешiм қабылдау.
26. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру процесi:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiтуден;
2) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк бағдарламаны және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы шешiмдерiн тиiстi мемлекеттiк органдардың назарына жеткiзуден;
3) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның мемлекеттiк бағдарламаны және оның iс-шаралар жоспарын бiрлесiп орындаушы ұйымдармен бiрге iске асыруынан;
4) қажет болған кезде мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, Мемлекет басшысына мемлекеттiк бағдарламаға түзетулер енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындаудан тұрады. Бұл ретте тиісті бюджеттен қаржыландыру көлемін өзгертетін түзетулер тиісті бюджет комиссиясымен келiсудi талап етедi.
27. Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуына мониторингтi жүзеге асыру процесi:
1) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысына тұрақты мониторингтi жүргiзуiнен;
2) бiрлесiп орындаушы ұйымдардың мемлекеттiк бағдарламаның өздерiне бекiтiлген бөлiмдерiн және iс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау жөнiндегi есептерiн мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органға белгiленген мерзiмдерде ұсынуынан;
3) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне және уәкiлеттi органға мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi есептердi кезең-кезеңiмен беруiнен және қажет болған кезде оған өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындаудан тұрады.
28. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалауды мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк орган (iшкi бағалау) және уәкiлеттi орган (сыртқы бағалау) жүргiзедi.
Бағалауды жүргiзу процесi:
1) мемлекеттiк бағдарлама мен iс-шаралар жоспарын iске асыру барысын;
2) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн;
3) жоспарланған мiндеттер мен индикаторларға қол жеткiзу дәрежесiн;
4) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына ықпалын талдаудан тұрады.
Уәкiлеттi орган жауапты мемлекеттiк орган ұсынатын мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептердi талдайды және қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк бағдарламаны одан әрi iске асырудың орындылығы туралы қорытынды бередi.
Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сыртқы бағалауды жүзеге асыру үшiн шарт негiзiнде ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды тартуға құқығы бар.
29. Мемлекеттiк бағдарламаны аяқтау (жалғастыру) туралы шешiм қабылдау кезеңi:
1) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның бiрлесiп орындаушылармен бiрге мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылу нәтижелерi туралы түпкiлiктi есеп дайындауын, онда:
мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзiлген нәтижелер;
мемлекеттiк бағдарламаның жоспарланған мiндеттерi мен индикаторларына қол жеткiзу дәрежесi;
мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайға мультипликативтiк әсерi көрсетiлуi тиiс;
2) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның оны аяқтау немесе iске асыруды жалғастыру қажеттiгi туралы ұсыныспен бiрге мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру нәтижелерi туралы түпкiлiктi есептi немесе жаңа мемлекеттiк бағдарламаның әзiрлемесiн Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне және уәкiлеттi органға ұсынуын;
3) мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру туралы түпкiлiктi есептi олардың қарауын;
4) мемлекеттiк бағдарламаның аяқталғаны және оны бақылаудан алу туралы нeмece оны iске асыруды жалғастыру немесе жаңа мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеу туралы шешiм қабылдауды қамтиды.