Қазақстан Республикасының Конституциясы
45-бабының
1-тармағына және
61-бабының
2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының
21-бабы
2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде өз шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 29 сәуiрдегi
N 1074 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу,
сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл
деп жариялау ережелерi
Осы Ереже Мемлекет басшысының заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға конституциялық құқығын iске асыру тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi.
1. Заң жобасын қарауды басым деп белгiлеуге немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялауға шешiм қабылдаған кезде Мемлекет басшысы немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкімшілiгi
тиiстi мемлекеттiк органның назарына осы заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу немесе шұғыл деп жариялау жоспарланатынын жеткiзедi.
2. Әдетте, басым ретпен қарауды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлген немесе енгiзiлуге дайын заң жобаларына қатысты белгiлейдi.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы жолдауымен басым деп белгiленген және Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына әлi енгiзiлмеген заң жобалары тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне қарауға ұсынуға тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілігiмен келiсiлгеннен кейiн мұндай заң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзедi.
4. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобасы тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлуге және оны Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiнiң қарауына осы Ереженiң 1-тармағына сәйкес хабарлама келiп түскен күннен бастап жиырма күн мерзiмде енгiзуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiлгеннен кейiн мұндай заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi жетi күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзедi.
5. Қазақстан Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламентте Қазақстан Республикасының Президентiнiң арнайы жолдауы жария етiлгеннен немесе ол Қазақстан Республикасының Парламентiне жолданғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзіледi.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi өзi әзiрлеген заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентiне заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгiзуге хақылы.
7. Осы Ереженің 6-тармағында аталған ұсынысқа тиiстi заң жобасы және:
1) Парламенттiң заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу немесе оны қаралуын шұғыл деп жариялау қажеттiлiгiне негiздеме;
2) заң жобасының нақты мақсаттары және ол шешетiн мiндеттер қамтылуға тиiс түсiндiрме жазба қоса беріледi.
8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi он күн мерзiмде заң жобасын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсынысты қарайды және Мемлекет басшысына заң жобасын қарауды басым деп белгiлеудiң немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялаудың орындылығы туралы қорытындыны ұсынады.
P021300
9. Мемлекет басшысының шешiмi бойынша қаралуын басым деп белгiлеу немесе шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларын дайындау мен келiсудiң өзгеше тәртiбi, мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.