Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 12 сәуірдегі N 1069 жарлығы. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Жарлықтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

      Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға  
тиіс         

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ректоры Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы;
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Рогов Игорь Иванович, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы міндетін атқарудан босатыла отырып;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі Жұмабеков Оңалсын Исламұлы;
      Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы судьялар одағының төрағасы Тұрғараев Бекет тағайындалсын;
      Ким Г.В. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті