Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 1064 жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Георгий Владимирович Ким тағайындалсын;
      Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қожағалиев Асқар Орынбасарұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Көпенова Бақыт Қайыркешқызы енгізілсін;
      Комиссия құрамынан С.Б.Тоқпақбаев, Ю.В.Окшин, Р.Ж.Мұқашев шығарылсын.

      2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті