Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "және оған жапсарлас" деген сөздер ", сондай-ақ" деген сөзбен ауыстырылсын, "аумақта" деген сөз "аумақтың бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 1-қосымша осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 11 ақпандағы N 1022 Жарлығына қосымша "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы" Ережеге 1-қосымша |
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы
аумағының жоспары
(қағаз мәтіннен қараңыз)