Мемлекеттік меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі объектілердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 422
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 29, 354-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлыққа қосымшада:
7-тармақта "осы аумақтағы монополист" деген сөздер "облыстың, қаланың, ауданның қызмет көрсетілетін аумағындағы бірден-бір мемлекеттік медициналық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті