Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1010

Қолданыстағы

Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының  3-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 Жарлығымен  құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып мыналар тағайындалсын:
      Ахметов Қабдығали, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,
      Ақпанов Арыстан Нүкешұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институтының қылмыстық іс жүргізу кафедрасының бастығы,
      Полторабатько Людмила Григорьевна, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы,
      Сабырбаев Марат Қалмұратұлы, Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының төрағасы;
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан: Б.Ж.Әбдірайымов, Қ.Ғ.Ескендіров, А.Ж.Рахметулин шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті