Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі және гуманитарлық проблемаларды шешуге бағытталған белсенді қызметі үшін Даму жөніндегі Ага Хан ұйымының жетекшісі Жоғары Мәртебелі ханзада Ага Ханға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2002 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті