Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 993 жарлығы

Қолданыстағы

       Жұртшылықтың мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясы  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ереже және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің дербес құрамы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің 
2002 жылғы 10 желтоқсандағы     
N 993 Жарлығымен           
бекітілген              

Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары
(ақпараттық саясат) жөніндегі қоғамдық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес (бұдан былай - Кеңес) Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыруға, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне жүйелі кешенді талдау жасау және Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      3) Мемлекет басшысына бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік билік органдары мен БАҚ-тың өзара тиімді іс-қимылын, сондай-ақ елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) мемлекеттік және өзге де органдармен әрі мекемелермен қарым-қатынасында БАҚ пен оның қызметкерлерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде жоғары этикалық және кәсіби қағидаттарды дамытуға жәрдемдесу, БАҚ саласындағы ақпараттық даулар мен өзге де талас туғызған жағдайларды реттеуге қатысу.
      3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Кеңестің құзыреті:
      1) БАҚ қызметіне байланысты Мемлекет басшысына және тікелей Кеңеске жолданған арыздарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманың сақталуын қарайды;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат нарығының жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы және жедел баяндамалар әзірлейді;
      3) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік билік органдары мен БАҚ-тың өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде талдау материалдарын дайындайды және ұсыныстар әзірлейді;
      4) мемлекеттік саясат пен Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін түсіндіру жөнінде сарапшылық-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар береді, соның ішінде БАҚ-қа береді.
      5. Кеңестің өз құзыретінің шегінде:
      1) өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат, құжаттар мен материалдар сұратуға және алдыруға;
      2) өзінің отырыстарында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, БАҚ өкілдерін тыңдауға;
      3) мемлекеттік органдар, шығармашылық одақтар мен өзге де ұйымдар өткізетін кеңестерге, конференциялар мен семинарларға қатысу үшін өзінің өкілдерін жіберуге;
      4) мемлекеттік органдардың БАҚ қызметіне қатысты шешімдеріне баға беруге, мемлекеттік органдарға БАҚ қызметі жөніндегі мәселелерде ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
      5) БАҚ қызметінің түрлі қырлары бойынша жұмыс комиссияларын құруға, олардың жұмысына ғылыми, зерттеу, үкіметтік емес және өзге де мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін тартуға;
      6) Кеңестің қызметі туралы республикалық және аймақтық БАҚ-та материалдар жариялауға құқығы бар.
      6. Кеңестің отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентінің назарына жеткізілетін ұсынымдар мен қорытындылар Кеңестің шешімдері болып табылады.
      7. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Журналистері Конгресі атқару комитетінің ұсынымы бойынша бекітетін Кеңес төрағасынан, хатшысы мен мүшелерінен тұрады.
      Кеңестің төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
      8. Кеңестің отырыстарын оның төрағасы қажетіне қарай, алайда үш айда кемінде бір мәрте шақырады. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса, құқылы болып танылады. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Кеңестің шешімдері қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
      Кеңес төрағасы Кеңестің шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды, отырысқа шығарылатын мәселелерді анықтайды, өзге де ұйымдық-өкімдік функцияларды орындайды.
      Кеңес төрағасы орнында болмаған кезеңде оның тапсыруы бойынша отырыстарға Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді.
      9. Кеңестің қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 
2002 жылғы 10 желтоқсандағы     
N 993 Жарлығымен           
бекітілген              

Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары
(ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық Кеңестің
ҚҰРАМЫ

Матаев                        Қазақстан Республикасы Журналистер
Сейітқазы Бейсенғазыұлы       одағының төрағасы, Кеңес төрағасы

Қосубаев                      Қазақстан Республикасы Президенті
Есетжан Мұратұлы              Әкімшілігінің Баспасөз қызметінің
                              жетекшісі, Кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері:

Әбіш                          "Айғақ" баспа үйінің президенті
Дулат Назарбекұлы

Әкімбеков                     "Континент" журналының бас редакторы
Сұлтан Мағрұпұлы

Бандровская                   "Ақтөбе Радио" ЖШС директоры
Наталья Глебовна

Губерт                        "Экспресс-К" ЖШС бас директоры
Александр Александрович

Доскенов                      "Қазақстан теледидары мен радио
Ғалым Төлембекұлы             хабарлары" ЖАҚ басқармасының
                              төрағасы

Доцук                         "Известия - Қазақстан" газетінің
Евгения Владимировна          бас редакторы

Ертісбаев                     Қазақстан Республикасы Президентінің
Ермұхамет Қабиденұлы          кеңесшісі

Жұмабаев                      Қазақстан телерадио хабарларын
Айдар Әбілмәжінұлы            таратушылар қауымдастығының
                              президенті

Қайырханов Сабыр              "Ақ Жайық" газетінің бас редакторы

Қорғасбек Жүсіпбек            "Жас Алаш" газетінің бас редакторы

Квятковский                   "Столичная жизнь" газетінің бас
Олег Вадимович                редакторы

Қодар Әуезхан                 мәдениеттанушы

Козлов                        журналист
Сергей Владимирович

Нығматулин                    Қазақстан Республикасы Парламенті
Ерлан Зайроллаұлы             Мәжілісінің депутаты (келісім
                              бойынша)

Платонов                      Коммерциялық теледидар арнасының
Артур Станиславович           саяси шолушысы

Рерих                         "Хабар" Агенттігі" ЖАҚ бас
Владимир Ахмадьянович         директорының бірінші орынбасары

Рябченко                      Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
Олег Григорьевич              келісім бірінші вице-министрі

Садықанов                     "Астана ақшамы" газетінің бас
Мағжан Садықанұлы             редакторы

Сұлтанов                      Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы              Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
                              жөніндегі комитетінің төрағасы
                              (келісім бойынша)

Харченко                      "Костанайские новости" газетінің
Сергей Васильевич             бас редакторы

Шамсутдинов                   Әділет вице-министрі
Ринат Шарафутдинович