Қазақстан Республикасының Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымға мүше болуы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 15 қараша N 973

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының толық құқықты мүше ретінде Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қызметіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:

      1. 1954 жылғы 30 қарашада күшіне енген Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Конституциясы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымдағы Қазақстан Республикасының мүшелігін белгіленген тәртіппен ресімдесін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті