Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" 2001 жылғы 24 қазандағы N 713
Жарлығына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы "1 сәуірге" деген сөздер "1 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі;
Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлік
Қажымұрат Ыбырайұлы және коммуникациялар министрі;
мына жолдар:
"Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі, төрағаның орынбасары",
"Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Экономика және сауда министрі",
"Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич Министрінің бірінші орынбасары,
төрағаның орынбасары",
"Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Индустрия және сауда министрі",
"Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Қаржы министрі";
аталған Комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын: Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы, Мырзахметов Абылай Исабекұлы;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
8-тармақтағы "Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті