Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 16 қыркүйек N 945

Қолданыстағы
      "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970204_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және өзінің тарихи отанына оралуға тілек білдірген оралмандар отбасыларының қоныс аударуын және жайласуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы 2655 отбасы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп:
      1) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгендерді қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейімделуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан

түрде қоныстандыруды жүзеге асырсын;
     2) бір ай мерзім ішінде аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға 
байланысты оралмандарды орналастырудың схемасын жасасын;
     3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қолдансын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті
     
                                     Қазақстан Республикасы Президентінің
                                          2002 жылғы 16 қыркүйектегі
                                                N 945 Жарлығына
                                                    қосымша
     
       Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы (отбасы)
 ________________________________________________________________________
       Облыстардың,      | Иран  |Пәкстан| Ауға. | Қытай | Мон.  |Түрік  
        қалалардың       | Ислам | Ислам | стан  | Халық | ғолия |Респуб.
         атаулары        |Респуб.|Респуб.|       |Респуб.|       |ликасы 
                         |ликасы |ликасы |       |ликасы |       |
 ________________________|_______|_______|_______|_______|_______|_______
 Ақмола
 Ақтөбе
 Алматы                                              15      20      10
 Атырау
 Шығыс Қазақстан                                     25
 Жамбыл
 Батыс Қазақстан
 Қарағанды
 Қызылорда
 Қостанай
 Маңғыстау                  20
 Павлодар
 Солтүстік Қазақстан
 Оңтүстік Қазақстан                 10      30                        5
 Астана қаласы                                                5
 Алматы қаласы                                        5       5       5
 Жиыны                      20      10      30       45      30      20
 ________________________________________________________________________
     
  таблицаның жалғасы:
     
 ________________________________________________________________________
       Облыстардың,      | Ресей | Түркі.|Өзбек. |Қырғыз | Тәжік.|Барлы.
        қалалардың       |Федера.|  мен. | стан  |Респуб.|  стан |  ғы
         атаулары        | циясы |  стан |Респуб.|ликасы |       |
                         |       |       |ликасы |       |       |
 ________________________|_______|_______|_______|_______|_______|_______
 Ақмола                      20             320                     340
 Ақтөбе                       5      15     150                     170
 Алматы                                      35                      80
 Атырау                                      40                      40
 Шығыс Қазақстан                              5                      30
 Жамбыл                                     100                     100
 Батыс Қазақстан             20              70                      90
 Қарағанды                                  300                     300
 Қызылорда                                   50                      50
 Қостанай                    50             300                     350
 Маңғыстау                           40     127                     187
 Павлодар                    45             255                     300
 Солтүстік Қазақстан         40             330                     370
 Оңтүстік Қазақстан                         100             5       150
 Астана қаласы               10       5      25      5               50
 Алматы қаласы                5       3      20      5               48
 Жиыны                      195      63    2227     10      5      2655
 ________________________________________________________________________
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.