Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 29 тамыз N 936

Қолданыстағы

      Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 12, 77-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      3-тармақтың 3) тармақшасында екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған Қордың негiзгi қызметi кредиттердi шағын бизнес жобалары бойынша дербес түрде беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi Қордың қаражатын конкурстық негiзде шартты орналастыру арқылы беруге бағытталуға тиiс.".

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi бiр ай мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасының бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      2) Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының кредит саясаты туралы меморандумын әзірлесін.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық ол күшіне енгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті