Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 28 тамыз N 931.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабы 2-тармағына және 23-бабы 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі оның өнеркәсiптi, құрылысты және сауданы, стандарттау, метрология және сертификаттауды басқару саласындағы функциялары мен өкілеттiктерi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берiле отырып, ол Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне бөлу арқылы;

      2) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi оның су ресурстарын, орман, балық және аң шаруашылығын басқару саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiле отырып, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне өзгерту арқылы;

      3) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi оның өнеркәсiптi басқару жөнiндегi функциялары мен өкілеттiктерi - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне (отын-энергетика өнеркәсiбi және жер қойнауын пайдалану саласындағы функциялары мен өкілеттiктерін қоспағанда); аэроғарыш қызметi саласындағы өкілеттiктерi мен функциялары - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне беріле отырып;

      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi оның бюджеттi жоспарлау саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне берiле отырып, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттігіне бөлу арқылы;

      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгi оның мемлекеттік кiрiстi жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігіне, кеден iсi саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне берiле отырып, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қосу арқылы;

      6) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi оның тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берiле отырып;

      7) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi оның шағын бизнестi қолдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берiле отырып, оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттiгiне өзгерту арқылы;

      8) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi оны Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне қосу арқылы;

      9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне қосу арқылы қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган ретiнде құрылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) мыналарды:

      Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Аэроғарыш комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiн құруды қамтамасыз етсiн;

      2) мыналар:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетi;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Қолбасшысының Бас басқармасы;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделген өнiм өндiрiсi мен айналымына мемлекеттік бақылау жөнiндегi комитетi;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетi;

      Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қоршаған ортаны қорғау комитетi;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетi;

      Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінің Демпингке қарсы бақылау жөнiндегi комитетi таратылсын;

      3) осы Жарлықтың талаптарынан туындайтын заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілiсiнiң қарауына енгiзсiн;

      4) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттiк органдарының штат санын қайта бөлудi қамтамасыз етсiн;

      5) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қолдансын.

      4. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      мынадай мазмұндағы абзацтар алынып тасталсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі";

      "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi";

      мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі".

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті