1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 U990188_ Жарлығына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
1) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау;";
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
"6-2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау органы ретiндегi негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) жинақтаушы зейнетақы жүйесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
2) халықтың жинақталған зейнетақы қаражатын қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрақты қызметiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының және/немесе алушыларының мүдделерiн қорғау.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
"7-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыру;";
15-1-тармақтың 8) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн, қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн есептеу әдiстемесiн және қолдану принциптерiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң шектi мәндерiн;";
мынадай мазмұндағы 15-2-тармақпен толықтырылсын:
"15-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау жөнiндегі функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялайды;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне және мамандарына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталының мөлшерiне және құрамына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы басшы лауазымдарға үмiткер азаматтардың бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру тәртiбiн белгiлейдi;
4) жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi белгiлейдi;
5) өз құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi жүзеге асырады;
6) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстен процент түрiнде алатын комиссиялық сыйақылардың шектеулi көлемiн белгiлейдi;
7) өз құзыретi шегiнде жинақталған зейнетақы қаражатының түзiлуiн және мақсатқа сай пайдаланылуын бақылайды;
8) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн бекiтедi;
9) таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақы шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртiбiн белгiлейдi;
10) өз құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
11) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарынан және өзге де ұйымдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi құжаттарды сұратуға және алуға құқылы;
12) мемлекеттiк және коммерциялық құпияны бiлдiретiн ақпараттың сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық есебiнiң құпиялылығын қамтамасыз етедi;
13) жинақтаушы зейнетақы қорларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларын тарату комиссияларының қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
14) жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық және статистикалық есептерiн қарайды;
15) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыруға және ерiктi таратуға рұқсат бередi;
16) жинақтаушы зейнетақы қорлары заңнаманы бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген ықпал ету шараларын қолданады;
17) алушылардың жеке шоттарындағы зейнетақы қаражатын есепке алу тәртiбiн белгiлейдi және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiне және жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық кiрiстiң есептелуiне бақылауды жүзеге асырады;
18) жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталуға тиiстi негізгi құжаттарының тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн белгiлейдi;
19) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
17-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;
24-тармақта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы жүйесiн қалыптастыру және дамыту саласындағы басым бағыттарды белгiлеу";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi реттейтiн және қадағалайтын ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есептiң үлгi шоттары жоспарын, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бухгалтерлiк есеп стандарттарын және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды бекiту";
32-1) тармақшада:
бiрiншi абзацта "шарттары мен" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақы шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру;
мемлекеттiк кәсiпорындарға және акциялар пакетi немесе мемлекеттiң үлесi бар ұйымдарға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына олардың құрылтайшылары және акционерлерi ретiнде қатысу үшiн рұқсат беру;
жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы лауазымдарына үмiткер азаматтардың бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру;
алушылардың жеке шоттарындағы зейнетақы қаражатын есепке алу және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiне және жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық кiрiстiң есептелуiне бақылауды жүзеге асыру;";
32-2) тармақшаның төртiншi абзацындағы "туралы шешiм қабылдау" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi кезеңiнде дауыс құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамына тiкелей немесе жанама ие болу, билiк ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру;
зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша лицензияларды беру, қайтарып алу және күшiн тоқтата тұру;
мемлекеттiк кәсiпорындарға және акциялар пакетi немесе мемлекеттiң үлесi бар ұйымдарға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына олардың құрылтайшылары және акционерлерi ретiнде қатысу үшiн рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;";
32-3) тармақшада:
екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн, қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн есептеу әдiстемесiн және қолдану принциптерiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң шектi мәндерiн;";
төртiншi абзацтағы "белгiлеу" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталуға тиісті негiзгi құжаттарының тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн белгiлеу;";
32-4) тармақшаның үшiншi абзацындағы "белгiлеу" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне және мамандарына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталының мөлшерiне және құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;";
27-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) республикада және шет елдерде банк және сақтандыру жұмысының барлық мәселелерi бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлi бола алады;";
30-тармақта:
20-2) тармақшаның жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары қызметкерлерiне, бағалы қағаздармен - сауда-саттық ұйымдастырушыларға және жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiне бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу және жаңарту туралы шешiм қабылдайды";
мынадай мазмұндағы 20-5) - 20-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"20-5) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарынан және
инвестициялық кiрiстен процент түрiнде алатын комиссиялық сыйақылардың шектеулi көлемiн белгiлейдi; 20-6) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға және корпоративтiк түрден ашық түрге өзгертуге, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi түрде таратуға рұқсат бередi; 20-7) жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын және өкiлдiктерiн ашуға келiсiм бередi;"; 2) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымында: 1. "Орталық аппарат" бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қаржы қадағалау департаментi"; реттiк нөмiрлерi 5-1 және 5-2-жолдар алынып тасталсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президенті Астана, 2002 жылғы 15 тамыз N 924 Мамандар: Багарова Ж.А., Икебаева А.Ж.