Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 25 шілде N 913.

Қолданыстағы
      Қаулы етемін:
      1. "Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің

"Болашақ" халықаралық стипендияларын белгілеу туралы" Қазақстан 
Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын орындау 
ісіндегі елеулі кемшіліктер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 
1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375 Жарлығына  

U973375_

  (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 68-құжат, 2000 ж., N 43, 503-құжат) 
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
     7-тармақта: 
     аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі 
республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: 
     
Тоқаев                       - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
Қасымжомарт Кемелұлы           хатшысы - Қазақстан Республикасының 
                               Сыртқы істер министрі, төраға; 
     
Беркімбаева                  - Қазақстан Республикасының Білім 
Шәмша Көпбайқызы               және ғылым министрі, хатшы; 
     
     Комиссия мүшелері: 
     
Аймақов                      - Қазақстан Республикасының 
Бауыржан Жаңабекұлы            Экономика және сауда вице-министрі; 
     
Атрушкевич                   - Қазақстан Республикасының 
Павел Александрович            Парламенті Сенатының депутаты, 
                               Қазақстан халықтары Ассамблеясы 
                               төрағасының орынбасары (келісім бойынша); 
     
Әлиев                        - Қазақстан Республикасы Президенті 
Жұматай                        Әкімшілігінің Қазақстан халықтары 
                               Ассамблеясымен жұмыс жөніндегі бөлімінің 
                               меңгерушісі, Қазақстан халықтары 
                               Ассамблеясы төрағасының орынбасары; 
     
Жұмағұлов                    - Қазақстан Республикасы Президенті 
Бақытжан Тұрсынұлы             Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің 
                               меңгерушісі; 
     
Қадырова                     - Қазақстан Республикасының Парламенті 
Зәуре Жүсіпқызы                Мәжілісінің депутаты, Қазақстан 
                               Республикасы Парламентінің Мәжілісі 
                               Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі 
                               комитетінің төрайымы (келісім бойынша); 
     
Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасының Парламенті 
Қуаныш Сұлтанұлы               Сенатының депутаты, Қазақстан 
                               Республикасы Парламентінің Сенаты 
                               Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі 
                               комитетінің төрағасы (келісім бойынша); 
     
Тұрысбеков                   - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
Зауытбек Қауысбекұлы           қызмет істері жөніндегі агенттігінің 
                               төрағасы; 
     
"Школьник                    - Қазақстан Республикасының 
Владимир Сергеевич             Энергетика, индустрия және сауда 
                               министрі;" 
     
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
     
"Школьник                    - Қазақстан Республикасының 
Владимир Сергеевич             Энергетика және минералдық ресурстар 
                               министрі;"; 
     
     аталған құрамнан: 
     
Ә.Кекілбаев, Б.Ә.Мұхаметжанов, С.А.Аханов, Ә.С.Ахметов, Н.Ә.Әбіқаев, 
Е.Қ.Ертісбаев шығарылсын. 
     
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.