Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медальдары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865 Жарлығы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 21-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы қызметтің мәртебесін арттыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының он жылдығын атап өту құрметіне қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мынадай медальдары тағайындалсын:
      1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл";
      2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері";
      3) І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін";
      4) "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн";
      5) "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн".  <*>
      Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.06.16. N 1393 жарлығымен .
      2. 1 , 2 , 3 , 3-1 , 3-2-қосымшаларға сәйкес осы Жарлықтың 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері медальдарының сипаттамасы бекітілсін. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.06.16. N 1393 жарлығымен .
      3. 4 , 5 , 6 , 6-1 , 6-2-қосымшаларға сәйкес осы Жарлықтың 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медальдарымен наградтау ережелері бекітілсін. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.06.16. N 1393 жарлығымен .
      4. 7-қосымшаға сәйкес осы Жарлықтың 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері медальдарының сипаттамасы мен куәліктерінің үлгілері бекітілсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медальдары мен олардың куәліктерін дайындау жөніндегі шығыстар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болып бекітілсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына     
1-қосымша        

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл"
мерекелік медальдің сипаттамасы

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл" мерекелік медаль диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер пішінінде жезден жасалады.
      Медальдің алдыңғы бетінде лағыл түсті, тегіс екі қырлы сәулелі бес бұрышты дөңес жұлдыз, күн мен шарықтай ұшқан бүркіт бейнеленген. Жұлдыз доғал бұрыштар астынан тараған бес сәуле шоғырының аясында орналасқан. Жұлдыздың айналасы лавр бұтақтарымен көмкерілген. Медальдің төменгі бөлігінде "1992" жазуының астынан "2002" деп жазылған.
      Медальдың сыртқы бетінде "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл" деп жазылған.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек муар лентамен тартылған, ені 34 мм және биіктігі 50 мм бес бұрышты тағанға жалғасады. Лентаның ортасында ені 3 мм екі алтын түсті жолақ орналастырылған, олардың ортасында ені 2 мм қызыл жолақ, ал алтын түсті жолақтардың шеттерінде ені 9 мм көгілдір түсті жолақтар орналастырылған. Лентаның шеттерінде ендері 2 мм жасыл жолақтар бар. Лентаның ені 30 мм.
      Медаль киімге түйреуішпен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2002 жылғы 7 мамырдағы 
N 865 Жарлығына    
2-қосымша       

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері"
медалінің сипаттамасы

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалі сары түсті тегіс екі қырлы сәулелі бес бұрышты дөңес жұлдыз пішінінде жезден жасалады, жұлдыздың бес тармағының араларына негізгі әскер түрлерінің эмблемалары бар бес қалқан бейнеленген. Медаль ортасында - алтын түсті күн және шарықтай ұшқан бүркіт, лавр бұтақтары бейнеленген және шеңбер түрінде "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" жазуымен көмкерілген. Медальдің алдыңғы беті тотықтырылған.
      Медальдардың қарама-қарсы бұрыштарының арасы 38 мм.
      Медальдің сыртқы бетінің ортасында "25 жыл" деп жазылған. Медальдің сыртқы беті күңгірт.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек муар лентамен тартылған, ені 34 мм және биіктігі 50 мм бесбұрышты тағанға жалғасады. Лентаның ортасында ені 17 мм көгілдір түсті жолақ орналастырылған, лентаның оң жағында ендері 1 мм үш қара жолақпен кезек жүргізілген төрт сары жолақ орналастырылған. Лентаның сол жағында ендері 3 және 1 мм екі қызыл жолақ, олардың арасында ені 2 мм көгілдір жолақ орналастырылған. Лентаның ені 30 мм.
      Медаль киімге түйреуішпен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы   
N 865 Жарлығына    
3-қосымша        

І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалінің сипаттамасы

      І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер пішінінде жезден жасалады.
      Медальдің алдыңғы бетінде лағыл түсті, тегіс екі қырлы сәулелі бес бұрышты дөңес жұлдыз, алтын түсті күн мен шарықтай ұшқан бүркіт бейнеленген, ал төменгі жағында "ХХ" деген рим жазуы және алтын түсті, қызыл жолақты сары лентамен оралған емен мен лавр бұтақтарының өрімі бейнеленген. Медальдің төменгі шеті оюмен өрнектелген, шеңбердің ішкі шетінде қылыш орналастырылған, жоғарғы шетінде "Мінсіз қызметі үшін" деп жазылған.
      Медальдің сыртқы бетінің ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мінсіз қызметі үшін" деп жазылған.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек муар лентамен тартылған, ені 34 мм және биіктігі 50 мм бес бұрышты тағанға жалғасады. Лентаның шеттерінде ендері 7 мм көгілдір жолақтар, лентаның ортасында ені 6 мм қызыл жолағы бар, ендері 5 мм екі сары жолақ орналастырылған. Лентаның ені 30 мм.
      Медаль киімге түйреуішпен бекітіледі.
      ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер пішінінде мельхиордан жасалады.
      Медальдің алдыңғы бетінде лағыл түсті, тегіс екі қырлы сәулелі бес бұрышты дөңес жұлдыз, алтын түсті күн мен шарықтай ұшқан бүркіт бейнеленген, ал төменгі жағында "ХV" деген рим жазуы және алтын түсті, қызыл жолақты сары лентамен оралған емен мен лавр бұтақтарының өрімі бейнеленген. Медальдің төменгі шеті оюмен өрнектелген, шеңбердің ішкі шетінде қылыш орналастырылған, жоғарғы шетінде "Мінсіз қызметі үшін" деп жазылған.
      Медальдің сыртқы бетінің ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мінсіз қызметі үшін" деп жазылған.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек муар лентамен тартылған, ені 34 мм және биіктігі 50 мм бесбұрышты тағанға жалғасады. Лентаның шеттерінде ендері 7 мм көгілдір жолақтар, лентаның ортасында үш сары жолақ - шеткілерінің ендері 4 мм, ортасындағынікі 2 мм - кезек жүргізілген ендері 3 мм екі қызыл жолақ орналастырылған. Лентаның ені 30 мм.
      Медаль киімге түйреуішпен бекітіледі.
      ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер пішінінде мельхиордан жасалады.
      Медальдің алдыңғы бетінде лағыл түсті, тегіс екі қырлы сәулелі бес бұрышты дөңес жұлдыз, алтын түсті күн мен шарықтай ұшқан бүркіт бейнеленген, ал төменгі жағында "Х" деген рим жазуы және алтын түсті, қызыл жолақты сары лентамен оралған емен мен лавр бұтақтарының өрімі бейнеленген. Медальдің төменгі шеті оюмен өрнектелген, шеңбердің ішкі шетінде қылыш орналастырылған, жоғарғы шетінде "Мінсіз қызмет үшін" деп жазылған.
      Медальдің сыртқы бетінің ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мінсіз қызметі үшін" деп жазылған.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңестеу түрде орындалған. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек муар лентамен тартылған, ені 34 мм, биіктігі 50 мм бес бұрышты тағанмен жалғасады. Лентаның шеттерінде ендері 7 мм көгілдір жолақтар, лентаның ортасында төрт сары жолақ - шеткілерінің ендері 4 мм, ортасындағынікі 1 мм - кезек жүргізілген, ендері 2 мм үш қызыл жолақ орналастырылған. Лентаның ені 30 мм.
      Медаль киімге түйреуішпен бекітіледі.

      Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы 
N 865 Жарлығына     
3-1-қосымша       

      Ескерту. 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.06.16. N 1393 жарлығымен .

"Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн"
медалiнiң сипаттамасы

      "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағында жоғарғы жақта ортада жер шарының бейнесi, төменде - жер шары бейнесiнiң астында қалықтаған "бейбiтшiлiк көгершiнi" орналасқан. Жиектiң жоғарғы iшкi жағын бойлай "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" деген жазу орналасқан.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу, төменгi жағында - тегiс екi қырлы сәуле шашқан бес бұрышты жұлдыз, күн және қалықтаған қыран орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер, жазулар бедерлi, алтын түстес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен сол жақ жартысы жасыл түстi, оң жағы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 34 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрыш нысанындағы тағанға жалғанады.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.

      Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы 
N 865 Жарлығына    
3-2-қосымша      

      Ескерту. 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.06.16. N 1393 жарлығымен .

"Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн"
медалiнiң сипаттамасы

      "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында қылышпен, садақпен, жебелi қорамсақпен және аттың жалынан жасалған шашақпен безендiрiлген ұзын найзамен айқастырылған қалқанның бейнесi, төменгi жағында - қол алысуды бiлдiретiн нышан орналасқан. Жиектiң жоғарғы iшкi жағын бойлай "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" деген жазу орналасқан.
      Медальдiң сыртқы жағының ортасында "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген жазу, төменгi жағында - тегiс екi қырлы сәуле шашқан бес бұрышты жұлдыз, күн және қалықтаған қыран орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер, жазулар бедерлi, алтын түстес. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақшаның және шығыршықтың көмегiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес жiбек қатқыл лентамен қапталған енi 34 мм және биiктігі 50 мм бес бұрыш нысанындағы тағанға жалғанады. Оған солдан оңға қарай енi 4 мм-ден ақ, сары және жасыл түстi үш жолақ жүргiзiлген. Жолақтардың ара қашықтығы - 2 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2002 жылғы 7 мамырдағы   
N 865 Жарлығына      
4-қосымша         

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл"
мерекелік медальмен наградтаудың
ЕРЕЖЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл" мерекелік медаль (бұдан әрі - мерекелік медаль) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалады.
      2. Мерекелік медальмен 2002 жылдың 7 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметте тұрған, қызметі бойынша жақсы мінездеме алған және өзінің әскери борышын үлгілі атқарып жүрген әскери қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылысына елеулі үлес қосқан басқа да адамдар наградталады.
      3. Мерекелік медальмен наградтау туралы өтініштерді ұсыну және қарау тәртібін Қорғаныс министрі айқындайды.
      4. Мерекелік медальді тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, әскери бөлімдер командирлері, соның ішінде командирлер мен бастықтар (басқару органдарының, мекемелерінің, әскери оқу орындарының), жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жүргізеді.
      5. Әрбір наградталушыға мерекелік медальмен бірге тиісті куәлік беріледі.
      6. Мерекелік медаль наградталушыға әскери бөлімдердің командирлері, соның ішінде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелерінің, әскери оқу орындарының), жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жасаған және бекіткен тізімдердің негізінде тапсырылады.
      Наградталғандар тізімінде мерекелік медальді тапсыру туралы тиісті жазу жазылады.
      7. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл" мерекелік медаль кеуденің сол жақ өңіріне тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары бар болса, олардан кейін орналастырылады. Аталған медальға лентасымен планка кеуденің сол жағына мемлекеттік награда нышандарынан кейін орналастырылады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына    
5-қосымша        

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері"
медалімен наградтаудың
ЕРЕЖЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалімен қызметі бойынша оң мінездемесі әрі 25 және одан да көп жалпы қызмет өткерген күнтізбелік жылы бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері наградталады.
      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалімен наградтау туралы өтініштерді ұсыну және қарау тәртібін Қорғаныс министрі айқындайды.
      4. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалін тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, әскери бөлімдер командирлері, соның ішінде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, әскери оқу орындарының), жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жүргізеді. Наградталушыға медальмен бірге белгіленген үлгідегі куәлік тапсырылады.
      5. Әрбір наградталушыға мерекелік медальмен бірге тиісті куәлік беріледі.
      6. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" медалі кеуденің сол жақ өңіріне тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары бар болса, олардан кейін орналастырылады. Аталған медальға лентасымен планка кеуденің сол жақ өңіріне мемлекеттік награда нышандарынан кейін орналастырылады.

      Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығына     
6-қосымша        

"Мінсіз қызметі үшін" медалімен наградтаудың
ЕРЕЖЕСІ

      1. "Мінсіз қызметі үшін" медалі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Мінсіз қызметі үшін" медалі үш дәрежеден тұрады:
      І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі - 20 жыл мінсіз қызмет атқарғандарды наградтау үшін;
      ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі - 15 жыл мінсіз қызмет атқарғандарды наградтау үшін.
      "Мінсіз қызметі үшін" медалінің ең жоғары дәрежесі І дәреже.
      3. "Мінсіз қызметі үшін" медалімен наградтау төменнен жоғары дәрежеге бірте-бірте жүргізіледі. Алдындағы дәрежелі медальмен наградталмағандарға неғұрлым жоғары дәрежедегі медальмен наградтауға рұқсат берілмейді.
      4. "Мінсіз қызметі үшін" медалімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында 10 және одан да көп жыл қызмет өткерген, қызметінде оң мінездеме алған және өзінің әскери борышын үлгілі атқарған әскери қызметшілер наградталады.
      5. "Мінсіз қызметі үшін" медалімен наградтау туралы өтінішті полк, жеке батальон командирлері, оларға теңестірілген және жоғарылар, соның ішінде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелерінің, әскери оқу орындарының) әскери бөлімдердің аттестациялау комиссияларының пікірін ескере отырып жүзеге асырады.
      "Мінсіз қызметі үшін" медалімен наградтауға ұсыну кезінде әскери қызметшінің қызмет өткерген жылдары ағымдағы жылдың 7 мамырындағы жағдайы бойынша есептеледі.
      Әскери қызметшілердің қызметі жөніндегі кемшіліктерді жоюға дейін "Мінсіз қызметі үшін" медалімен наградтауға ұсынылмауы мүмкін себептерін әскери бөлімдердің (әскери басқару органдарының, мекемелерінің, әскери оқу орындарының) командирлері әңгімелесу парағында жазады. Қабылданған шешім әскери қызметшіге және жоғары тұрған кадр органына жеткізіледі.
      6. "Мінсіз қызметі үшін" медалімен наградтауды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, әскери бөлімдердің командирлері, соның ішінде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелердің, әскери оқу орындарының), жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары (әскери комиссарлар) жүргізеді.
      7. Әрбір наградталушыға медальмен бірге тиісті куәлік беріледі.
      8. "Мінсіз қызметі үшін" медалі кеуденің сол жақ өңіріне тағылады және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл" мерекелік медальден кейін дәрежесесінің өсу тәртібіне сай қарай орналасады. Жалпы планкада аталған медальдің лентасы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл" мерекелік медалінің лентасынан кейін орналастырылады.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы 
N 865 Жарлығына    
6-1-қосымша      

      Ескерту. 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.06.16. N 1393 жарлығымен .

"Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн"
медалiмен наградтау
Ережесі

      1. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерде жүргiзiлетiн бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ басқа да адамдар және басқа мемлекеттердiң азаматтары наградталады.
      3. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiмен наградтау туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, соның iшiнде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелердiң, әскери оқу орындарының), жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңiрiне "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiнен кейiн тағылады, аталған медальға лента жалпы планкада "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiнiң лентасынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы 
N 865 Жарлығына    
6-2-қосымша       

      Ескерту. 6-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.06.16. N 1393 жарлығымен .

"Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн"
медалiмен наградтау
Ережесі

      1. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiмен халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға және жауынгерлiк достастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi, сондай-aқ басқа да адамдар және басқа мемлекеттердiң азаматтары наградталады.
      3. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiмен наградтау туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары айқындайды. Медальмен қайтадан наградтау жүргiзiлмейдi.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бiрiншi басшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, соның iшiнде командирлер мен бастықтар (әскери басқару органдарының, мекемелердiң, әскери оқу орындарының), жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары жүргiзедi.
      5. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде тиiстi куәлiк берiледi.
      6. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшiн" медалi кеуденiң сол жақ өңiрiне "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiнен кейiн тағылады, аталған медальға лента жалпы планкада "Бiтiмгершiлiк операцияларына қатысқаны үшiн" медалiнiң лентасынан кейiн орналасады.

      Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2002 жылғы 7 мамырдағы   
N 865 Жарлығына     
7 қосымша         

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері медальдарының
сипаттамасы мен куәліктерінің үлгілері

      Куәліктер 8х11 см. мөлшердегі алты бетті кітапша болып табылды. Куәліктердің мұқабасы көгілдір түсті буминильді негізде жасалып, елтаңба мен жазулар алтын түспен бедерленіп басылған.
      Куәлік парақтары сутаңбалы бар қағаздан жасалады.
      Куәліктердің нұсқалары қоса беріліп отыр.

      Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығымен    
бекітілген        

                  ______________________________________
                 |                                      |
                 |                                      |
                 |                                      |
                 |   Суретті қағаз мәтінінен қараңыз    |
                 |                                      |
                 |                                      |
                 |                                      |
                 |______________________________________|
                                 мұқаба

           _________________________________________________
          |                                                 |
          |                                                 |
          | "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                      |
          |   ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ 10 ЖЫЛ"                      |
          |                                                 |
          |Суретті қағаз мәтінінен      ___________________ |
          |қараңыз                            тегі          |
          |                             ___________________ |
          |                                    аты          |
          |                             ___________________ |
          |                                әкесінің аты     |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |_________________________________________________|
                    1 беті                     2 беті

               ______________________________________
              |                                      |
              |   2002 жылғы __________________      |
              |                                      |
              |        Қазақстан Республикасы        |
              |   Президентінің Жарлығына сәйкес     |
              |                                      |
              |     "Қазақстан Республикасының       |
              |       Қарулы Күштеріне 10 жыл"       |
              |                                      |
              |   мерейтойлық медалімен наградталды  |
              |                                      |
              |     200_ жылдың _________________    |
              |                                      |
              | Қазақстан Республикасы Президентінің |
              |        атынан медаль тапсырылды      |
              |                                      |
              | ____________________________________ |
              |(медальді тапсырған тұлғаның лауазымы,|
              | ____________________________________ |
              |        әскери атағы және қолы)       |
              |                                      |
              |______________________________________|
                                3 беті

            _________________________________________________
           |                                                 |
           |                                                 |
           |        Суретті қағаз мәтінінен қараңыз          |
           |                                                 |
           |                                                 |
           |                                                 |
           |                                                 |
           |_________________________________________________|
                        5 беті                6 беті

Қазақстан Республикасы    
Президентінің        
2002 жылғы 7 мамырдағы   
N 865 Жарлығымен      
бекітілген         

                 ______________________________________
                |                                      |
                |                                      |
                |                                      |
                |   Суретті қағаз мәтінінен қараңыз    |
                |                                      |
                |                                      |
                |                                      |
                |______________________________________|
                                 мұқаба

            _________________________________________________
           |                                                 |
           |                                                 |
           | "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                      |
           |      ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ                          |
           |          АРДАГЕРІ"                              |
           |                             ___________________ |
           |                                   тегі          |
           | Суретті қағаз мәтінінен     ___________________ |
           | қараңыз                            аты          |
           |                             ___________________ |
           |                                әкесінің аты     |
           |                                                 |
           |                                                 |
           |_________________________________________________|
                     1 беті                     2 беті
 
                      ______________________________________
               |                                      |
               |   2002 жылғы __________________      |
               |                                      |
               |        Қазақстан Республикасы        |
               |   Президентінің Жарлығына сәйкес     |
               |                                      |
               |       "Қазақстан Республикасы        |
               |      Қарулы Күштерінің ардагері"     |
               |          медалімен наградталды       |
               |                                      |
               |     200_ жылдың _________________    |
               |                                      |
               | Қазақстан Республикасы Президентінің |
               |        атынан медаль тапсырылды      |
               |                                      |
               | ____________________________________ |
               |(медальді тапсырған тұлғаның лауазымы,|
               | ____________________________________ |
               |        әскери атағы және қолы)       |
               |                                      |
               |______________________________________|
                                 3 беті
 
                 _________________________________________________
          |                                                 |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |        Суретті қағаз мәтінінен қараңыз          |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |_________________________________________________|
                     5 беті                6 беті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2002 жылғы 7 мамырдағы  
N 865 Жарлығымен    
бекітілген       

                 ______________________________________
                |                                      |
                |                                      |
                |                                      |
                |   Суретті қағаз мәтінінен қараңыз    |
                |                                      |
                |                                      |
                |                                      |
                |                                      |
                |______________________________________|
                                 мұқаба
 

                _________________________________________________
          |                                                 |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |                                                 |
          | "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН"       ___________________ |
          |                                   тегі          |
          |                             ___________________ |
          |                                    аты          |
          |                             ___________________ |
          |                                әкесінің аты     |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |_________________________________________________|
                    1 беті                     2 беті 

___________________________________________________________________
                                      20__ жылдың __________ N
2002 жылғы                              _________________
                                        _________________бұйрығымен
   Қазақстан Республикасы               __ дәрежелі "Мінсіз қызметі
   Президентінің Жарлығына сәйкес       үшін" медалімен наградталды
                                       ____________________________
                                      (медальді тапсырған тұлғаның
200_ жылдың ___________ N __________                лауазымы,
____________________________________
____________________________________   __________________________
________________________ бұйрығымен     (әскери атағы және қолы)
____ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
        медалімен наградталды           _____________ 20 __ жыл
____________________________________     20 __ жылдың _________ N
(медальді тапсырған тұлғаның лауазымы,  ___________________________
_____________________________________   ___________________________
         әскери атағы және қолы)        ________________ бұйрығымен
                                        __ дәрежелі "Мінсіз қызметі
                                        үшін" медалімен наградталды
______________20 __ жыл                 ___________________________
                                       (медальді тапсырған тұлғаның
                                                 лауазымы,
                                        ___________________________
                                         (әскери атағы және қолы)
                                        ______________20 __ жыл
___________________________________________________________________
               3 беті                               4 беті
           _________________________________________________
          |                                                 |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |        Суретті қағаз мәтінінен қараңыз          |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |                                                 |
          |_________________________________________________|
                      5 беті                6 беті