Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 29 сәуір N 857.

Қолданыстағы

Республикалық баспасөзде
 жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 сәуірдегі     
N 857 Жарлығымен        
бекітілген          

Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Ұлттық кеңес қызметінің басты мақсаты мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, барлық билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеруді қамтамасыз етуде, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауда Мемлекет басшысына жәрдем көрсету болып табылады.
      3. Ұлттық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері

      4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:
      мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қозғайтын проблемалар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
      президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет жағдайында аймақтардың пікірлерін ескере отырып, мемлекеттік саясат, қоғам мен мемлекеттің тіршілік қызметінің негізгі бағыттары мәселелерін талқылауға барлық билік бұтақтарының қатысуын қамтамасыз ету;
      ел дамуының қорытындылары мен болашағын қарау, қоғам мен мемлекеттің жұмыс істеуін жақсарту жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныстар енгізу;
      Республика Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалар және Қазақстан Республикасының неғұрлым маңызды заңдары мен Мемлекет басшысының актілері жобаларын қарау;
      Республика Президентінің ұсынысы бойынша мемлекеттік өмірдің өзге де маңызды мәселелерін талқылау болып табылады.

3. Ұлттық кеңестің құрамы

      5. Ұлттық кеңес Ұлттық кеңестің Төрағасы, оның мүшелері мен хатшысы құрамында түзіледі.
      6. Ұлттық кеңестің Төрағасы (бұдан әрі - Төраға) Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
      7. Төраға:
      Ұлттық кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      Ұлттық кеңес отырыстарын өткізудің орны мен уақытын айқындайды;
      оның отырыстарына төрағалық етеді;
      Ұлттық кеңестің мүшелері мен хатшысына тапсырмалар береді. 
      8. Ұлттық кеңестің мүшелері орталық мемлекеттік органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері мен мәслихаттары хатшыларының қатарынан тағайындалады.
      Премьер-Министр, Парламент Сенатының Төрағасы, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Бас прокурор лауазымдары бойынша Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.
      Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңеске басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.
      9. Ұлттық кеңес мүшелері:
      Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
      Ұлттық кеңес отырыстарына, оның шешімдері жобасына материалдар дайындауға қатысуға;
      Ұлттық кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға хақылы.
      Ұлттық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
      10. Ұлттық кеңес хатшысы:
      Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      оның отырыстарының күн тәртібі жобаларын түзеді;
      Ұлттық кеңес отырыстарына материалдар, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларын дайындауды ұйымдастырады; 
      Ұлттық кеңес мүшелерін Ұлттық кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      Ұлттық кеңес отырыстары хаттамаларынан көшірмелерді қол қойып куәландырады;
      Ұлттық кеңес отырысында қаралуға тиіс мәселелерді дайындау үшін жұмыс топтары мен комиссиялар құрады;
      жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен, соның ішінде шарттық негізде сараптамашыларды, ғалымдар
мен мамандарды тартады.

4. Ұлттық кеңестің жұмыс тәртібі

      11. Ұлттық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі. 
      Ұлттық кеңестің отырысы, егер оған Ұлттық кеңес мүшелері жалпы санының кемінде жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады.
      12. Ұлттық кеңестің шешімі оның отырысында Ұлттық кеңестің аталған отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының басым дауыс беруі арқылы қабылданады.
      Отырысқа қатысушылар дауысы тең түскен жағдайда Төраға жақтап дауыс берген шешім қабылданады.
      Төраға өзінің қарауы бойынша жекелеген мәселелер жөнінде шешім қабылдаудың өзге тәртібін белгілеуге хақылы.
      13. Ұлттық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделіп, оған Төраға қол қояды. Қажет болған жағдайда Ұлттық кеңестің шешімі Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің актілерімен іске асырылуы мүмкін.

5. Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз ету

      14. Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің     
2002 жылғы 29 сәуірдегі  
N 857 Жарлығымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің
ҚҰРАМЫ

Назарбаев                 - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан                   Төраға
Әбішұлы

Жолшыбеков                - Қазақстан Республикасы Президенті
Әмзебек                     Әкімшілігінің Аумақтық-ұйымдастыру Рысбекұлы                   бөлімінің меңгерушісі, хатшы

Ұлттық кеңестің мүшелері:

Әбділдин                  - Қазақстан Республикасы Парламенті Жабайхан                    Сенатының Халықаралық істер,
Мүбәракұлы                  қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі
                            комитетінің төрағасы

Әбдірахимов               - Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  Ғабидолла                   агенттік төрағасының орынбасары, Рахметоллаұлы               "Болашақ" халықаралық стипендиясы
                            бітірушілер қауымдастығының президенті

Әбдірахманов              - "Егемен Қазақстан" республикалық Сауытбек                    газеті" ААҚ президенті

Әбдікәрімов               - Қазақстан Республикасы Парламенті Оралбай                     Сенатының Төрағасы

Әбіқаев                   - Қазақстан Республикасы Президенті Нұртай Әбіқайұлы            Әкімшілігінің Басшысы

Адамов                    - Алматы қаласының N 133 орта
Нұрлан Жұмағазыұлы          мектебінің тарих пәні мұғалімі,
                            Қазақстанның 2001 жылғы Ең үздік
                            мұғалімі

Атрушкевич                - Парламент депутаты, Қазақстан халықтары Павел Александрович         Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

Ахметов                   - Павлодар облысының әкімі
Даниал Кенжетайұлы

Бексұлтанов               - Қарағанды қалалық мәслихатының
Құдайберген                 хатшысы
Бексұлтанұлы

Бексұлтанов               - "Қазақстанның болашағы үшін"
Мәди Қазыбекұлы             республикалық жастар қозғалысының
                            төрағасы

Бисекенова                - Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда
Гүлжиян Исағалиқызы         аудандық мәслихатының хатшысы

Божанова                  - Қызылорда облыстық мәслихатының
Алмагүл Божанқызы           хатшысы

Бунаков                   - Қазақстан Республикасы Орыс
Юрий Захарович              қоғамдастығының басшысы

Бурлаков                  - Қазақстан Республикасы Парламенті      Леонид Николаевич           Сенатының Аймақтық даму және
                            жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері
                            жөніндегі комитетінің төрағасы

Воронин                   - Павлодар облысының Ертіс ауданы Александр Николаевич        Ертіс селосының әкімі

Гурский                   - "Казахстанская правда" республикалық
Анатолий Степанович         газеті" ААҚ президенті
 
Дәукеев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Серікбек Жүсіпбекұлы        академиясының президенті

Двуреченский              - "Заречное" республикалық мемлекеттік
Валентин Иванович           коммуналдық кәсіпорнының төрағасы,
                            Қостанай облысы

Дедерер                   - "Возрождение" Қазақстан немістері Александр Федорович         қоғамдық бірлестіктері республикалық
                            қауымдастығының төрағасы

Жақсыбеков                - Астана қаласының әкімі
Әділбек Рыскелдіұлы

Дінішев                   - Қазақстан Республикасының халық
Әлібек Мұсаұлы              артисі

Досаев                    - Табиғи монополияларды реттеу,
Ерболат Асқарбекұлы         бәсекелестікті қорғау және шағын
                            бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің
                            төрағасы, Қазақстан Республикасы
                            Президенті жанындағы Кәсіпкерлер
                            кеңесі төрағасының орынбасары

Ережепов                  - Парламент депутаты, "Отан"
Қайролла Жеткізгенұлы       ("Отчизна") республикалық
                            партиясының парламенттік
                            фракциясының басшысы

Ертаева                   - Атырау облысының Құрманғазы ауданы Сәуле Қайыржанқызы          Бәйді селолық округінің әкімі

Есенбеков                 - Оңтүстік Қазақстан облысының
Пердеш                      Мақтаарал ауданы Үлгілі селолық
                            округінің әкімі

Жалыбин                   - Қазақстан Республикасы Парламенті Сергей Михайлович           Мәжілісінің Заңдар және сот-құқықтық
                            реформа жөніндегі комитетінің төрағасы

Жұмабаев                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ермек Жианшаұлы             Сенатының Заңдар және құқықтық
                            реформа жөніндегі комитетінің төрағасы

Жылқышиев                 - Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би Байділда                    ауданының әкімі

Занина                    - терапевт, Алматы қаласы N 11
Людмила Александровна       емханасының бас дәрігері

Зинкевич                  - Қазақстан Республикасы Поляктар
Иван Бернардович            одағының төрағасы

Имантаев                  - Ақтөбе облысының әкімі
Ермек Жетпіспайұлы

Ысқақова                  - Солтүстік Қазақстан облысының
Балкүміс Қайырзатқызы       Целинный аудандық мәслихатының
                            хатшысы

Қадырова                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Зәуре Жүсіпқызы             Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
                            жөніндегі комитетінің төрайымы

Қалетаев                  - Қазақстан Республикасы Үкіметі
Дархан Аманұлы              жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің                             атқарушы хатшысы

Қалиев                    - Парламент депутаты, "Ауыл"
Ғани Әлімұлы                республикалық шаруашылық социал-
                            демократиялық парламенттік фракциясы
                            басшысының міндетін атқарушы

Каримов                   - "Идел" татар және татар-башқұрт
Мурат Абдулхайұлы           қоғамдық-мәдени орталығы
                            қауымдастығының төрағасы

Ким                       - Қазақстан Республикасының Әділет Георгий Владимирович        министрі

Косанов                   - Қазақстан Республикасындағы "Түркия"
Зиятдин Исмиханұлы          түріктер қоғамының төрағасы

Кравцев                   - Алматы облысының Көксу ауданы
Григорий Анатольевич        Балпықби кенттік округінің әкімі

Кулагин                   - Ақмола облысының әкімі
Сергей Витальевич
 
Құлмаханов                - Алматы облысының әкімі
Шалбай
 
Көшербаев                 - Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы

Мадинов                   - Парламент депутаты, Аграрлық
Ромин Ризович               партияның парламенттік фракциясының
                            басшысы

Марченко                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Григорий Александрович      Банкінің Төрағасы

Метте                     - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Виталий Леонидович

Мұқашев                   - Парламент депутаты, Азаматтық
Рахмет Желдібайұлы          партияның паралменттік фракциясының
                            басшысы

Мұқашев                   - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Сиязбек Өнербекұлы          федерациясының төрағасы

Мурадов                   - "Вайнах" шешен және ингуш халықтары
Ахмет Сейдарахманович       мәдениетін дамыту қауымдастығының
                            тең төрағасы

Мырзалин                  - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі
Ахат Ахметұлы

Мусин                     - Атырау облысының әкімі
Аслан Есболайұлы
 
Мұхамеджанов              - Қрағанды облысының әкімі
Камалтин Ескендірұлы

Нағманов                  - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Қажымұрат Ыбырайұлы

Найманбаев                - Дүниежүзілік қазақтар
Қалдарбек                   қауымдастығының вице-президенті
Найманбайұлы

Новрузов                  - "Туран" әзірбайжан мәдени
Мусеиб Али-оглы             орталығының төрағасы

Нұрахметов                - Қазақстан Республикасы Білім және Бауыржан Құмарғалиұлы       ғылым министрлігінің Жас ғалымдар
                            кеңесінің төрағасы

Нұрғисаев                 - Қызылорда облысының әкімі
Серікбай Өрікбайұлы

Оздоев                    - "Вайнах" шешен және ингуш халықтары
Султан Мажитович            мәдениетін дамыту қауымдастығының
                            тең төрағасы

Омаров                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
Шәріп                       Мәжілісінің Халықаралық істер,
                            қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі
                            комитетінің төрағасы

Палымбетов                - Маңғыстау облысының әкімі
Болат Әбілқасымұлы

Парипса                   - "Қазақстан украиндары"
Михаил Сергеевич            қауымдастығының төрағасы

Рамазанов                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Еркін Аманоллаұлы           Мәжілісінің Аграрлық мәселелер
                            жөніндегі комитетінің төрағасы

Сағдиев                   - Парламент депутаты, Қазақстан
Мақтай Рамазанұлы           Республикасы Ардагерлер ұйымдары
                            орталық кеңесінің төрағасы

Самақова                  - Қазақстан Республикасының министрі -
Айткүл Байғазықызы          Қазақстан Республикасы Президенті
                            жанындағы отбасы және әйелдер ісі
                            жөніндегі ұлттық комиссияның
                            төрайымы

Сапарбаев                 - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Машбекұлы
 
Соломин                   - Қазақстан еркін кәсіподақтар
Леонид Зиновьевич           конфедерациясының президенті

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы            Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
                            жөніндегі комитетінің төрағасы

Сухорукова                - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен
Вера Николаевна             қаласының әкімі

Сыздықов                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Тито Уақанұлы               Мәжілісінің Экология және табиғат
                            пайдалану мәселелері жөніндегі
                            комитетінің төрағасы

Тасмағамбетов             - Қазақстан Республикасының Премьер-
Иманғали                    Министрі
Нұрғалиұлы

Ташбулатов                - "Достлик" өзбек қоғамдық бірлестігі
Азат Ташбулатұлы            қауымдастығының төрағасы

Тоқаев                    - Қазақстан Республикасының
Қасымжомарт                 Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер
Кемелұлы                    министрі

Тұрысов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қаратай Тұрысұлы            Мәжілісінің Қаржы және бюджет
                            жөніндегі комитетінің төрағасы

Түсіпбеков                - Қазақстан Республикасының Бас
Рашид Төлеутайұлы           прокуроры

Тұяқбай                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Айтбай Жармаханұлы          Мәжілісінің Төрағасы

Ужакин                    - Ақмола облысы Ақкөл аудандық
Юрий Иванович               мәслихатының хатшысы

Үмбетов                   - Жамбыл облысының әкімі
Серік Әбікенұлы

Өтебаев                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мүсірәлі Смайылұлы          Сенатының Экономика, қаржы және бюджет
                            жөніндегі комитетінің төрағасы

Хасанов                   - Қазақстан ұйғырлары мәдени
Фархад Таипұлы              қоғамының төрағасы

Храпунов                  - Алматы қаласының әкімі
Виктор Вячеславович

Чиркалин                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Иван Феодорович             Мәжілісінің Экономикалық реформа
                            және аймақтық даму жөніндегі
                            комитетінің төрағасы

Цхай                      - "Қазақстан корейлері қауымдастығы"
Юрий Андреевич              республикалық қоғамдық бірлестігінің
                            президенті

Шабанова                  - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха
Елена Ивановна              ауданы Усть-Таловка кентінің әкімі

Шәмшаева                  - Батыс Қазақстан облыстық
Ғалинұр Ғалымқызы           мәслихатының хатшысы

Шаяхметов                 - "Өскемен титан - магний комбинаты"
Бағдат Мұхаметұлы           ААҚ президенті

Шүкеев                    - Қостанай облысының әкімі
Өмірзақ Естайұлы