Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 6 ақпандағы N 800 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 620-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:

      Мәсімов                 - Қазақстан Республикасы
      Кәрім Қажымқанұлы         Премьер-Министрінің орынбасары,
                                төраға;

      Келімбетов              - Қазақстан Республикасының
      Қайрат Нематұлы           Қаржы бірінші вице-министрі
енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Даниал Кенжетайұлы Ахметов пен Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                Н. Назарбаев