2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 30 желтоқсан N 751

Қолданыстағы

      Қазақстан халқының денсаулық жай-күйін жақсарту, денсаулық сақтау жүйесін қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаулы етемін:

      1. 2002 жыл Денсаулық жылы болып жариялансын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) 2002 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде Денсаулық жылын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияны құратын болсын, оның құрамына тиісті мемлекеттік органдардың, мүдделі қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, көрнекті ғалымдарды, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен ірі бизнес өкілдерін енгізсін;
      2) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ұқсас комиссиялар құруды тапсырсын;
      3) Денсаулық жылы шеңберінде көзделген іс-шараларды кеңінен насихаттауды және бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін;
      4) Денсаулық жылы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізсін.

      3. Мемлекеттік комиссия 2002 жылғы 25 қаңтарға дейінгі мерзімде Денсаулық жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарын бекітсін.

      4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті