Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі N 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 7 қараша N 719

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 U962975_ Жарлығының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 U963120_ Жарлығының 20-тармағына сәйкес қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі N 3108 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі - Федотова Зинаида Леонтьевна Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалсын, И.И.Рогов бұл міндетті атқарудан босатылсын;
      Комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
      Ушуров Игорь Арлиевич - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болып;
      Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры;
      Самақова Айткүл Байғазықызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы;
      аталған Комиссия құрамынан Н.В.Белоруков, Т.К.Досымбетов, Р.А.Кенжетаева, Ж.Ғ.Мұстафина шығарылсын.
      2. "Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан

Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039  

U963039_

  
Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 
     Комиссия құрамына: 
     Ушуров Игорь Арлиевич - Қазақстан Республикасы Президенті 
Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Қазақстан 
Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі 
комиссия төрағасының орынбасары болып енгізілсін; 
     аталған Комиссия құрамынан Н.В.Белоруков шығарылсын. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.