Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мына құрамда құрылсын:
Нәрікбаев Мақсұт - Қазақ гуманитарлық-заң
Сұлтанұлы университетінің ректоры -
төраға
Шантаев Дәулет Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық
бөлімінің бас сарапшысы хатшы
Мүшелері:
Рогов Игорь Иванович - Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
Мемлекеттік-құқық бөлімінің
меңгерушісі
Хитрин Юрий - Қазақстан Республикасы
Александрович Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы
Мәми Қайрат - Қазақстан Республикасы
Әбдіразақұлы Жоғарғы Сотының Төрағасы
Түсіпбеков Рашид - Қазақстан Республикасының Бас
Төлеутайұлы прокуроры
Жұмабаев Ермек - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жианшаұлы Сенатының депутаты
Қуанышбаева - Қазақстан Республикасы Адвокаттар
Роза Сақтағанқызы одағының президенті
Ахметов Қабдығали - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаты
Ақпанов Арыстан Нүкешұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қарағанды заң
институтының қылмыстық іс жүргізу
кафедрасының бастығы
Полторабатько Людмила - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Григорьевна Сотының судьясы
Сабырбаев Марат - Алматы қаласы Түрксіб аудандық
Қалмұратұлы сотының төрағасы
Жұмабеков Оңалсын - Қазақстан Республикасының Әділет
Исламұлы министрі
Тұрғараев Бекет - Солтүстік Қазақстан облыстық
сотының төрағасы, Қазақстан
Республикасы судьялар одағының
төрағасы
Тоқболатов Ибраһим - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Тілеуұлы Сотының судьясы
Әлімбеков Мұсабек - Алматы қалалық сотының төрағасы
Тұрғынбекұлы
Есжанов Мұхтар - Қызылорда облыстық сотының
Есіркепұлы төрағасы
Серекбаев Ермек - Астана қаласының мамандандырылған
Қуандықұлы ауданаралық экономикалық сотының
төрағасы
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002.03.21. N 826
жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002.12.29. N 1010
жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003.04.12. N 1069
жарлығымен.
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004.03.10. N 1302
жарлығымен
.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894
Жарлығы
(Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 85-құжат; N 48, 463-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесін құру туралы" 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 26 наурыздағы N 3891
Жарлығы
;
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 қыркүйектегі N 216
Жарлығы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті