Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 29 қыркүйек N 692

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Конституциясы  

K951000_

  44-бабының 20) 
тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
     1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің 
жанынан Кәсіпкерлер кеңесі құрылсын.
     2. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже бекітілсін.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
           
                                               Қазақстан Республикасы
                                                    Президентiнің
                                              2001 жылғы 29 қыркүйектегi
                                                    N 692 Жарлығына
                                                       ҚОСЫМША

                   Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                      жанындағы Кәсіпкерлер кеңесiнiң
                                  ҚҰРАМЫ

     Жандосов                     - Қазақстан Республикасы Премьер- 
     Ораз Әлиұлы                    Министрiнiң орынбасары

     Имашев                       - Қазақстан Республикасының Табиғи
     Берiк Мәжитұлы                 монополияларды реттеу, бәсекелестікті
                                    қорғау және шағын бизнестi қолдау
                                    жөнiндегi агенттігiнің төрағасы

     Әбiлов                       - Қазақстан Республикасы Парламентi
     Болат Мұқышұлы                 Мәжілiсiнiң депутаты

     Әблязов                      - "Қазақстан Эйрлайнз" АҚ
     Мұхтар Қабылұлы                директорлар кеңесiнiң төрағасы

     Байменов                     - "Меркур" ЖШС бас директоры
     Есенғали Қанатбайұлы

     Байсейiтов                   - "Центркредит Банкi" ААҚ
     Бақытбек Рымбекұлы             директорлар кеңесiнiң төрағасы

     Баталов                      - "Raimbek Group" ЖШС президентi
     Райымбек Әнуарұлы

     Белович                      - "Базис-А" корпорациясының
     Александр Якубович             президентi

     Жұмағұлов                    - "Теңiзмұнайқұрылыс" ААҚ 
     Төкен Танайұлы                 директорлар кеңесiнiң төрағасы

     Жамалов                      - "Мырзакент" ААҚ президентi
     Салдар Жамалұлы

     Исламов                      - "Астана-қаржы" ААҚ 
     Кинталь Кинталевич             басқарма төрағасы

     Кравченко                    - "Беккер и Ко" БК бас директоры 
     Иван Михайлович 

     Мырзабеков                   - "Ақсай темiржол құрылысы" ЖШС 
     Ғазиз Төлеубекұлы              бас директоры

     Никитинская                  - Қазақстан Республикасы Жұмыс
     Екатерина Сергеевна            берушiлер конфедерациясының
                                    атқарушы директоры

     Нұрселенов                   - "Асыл-Ағаш" ЖШС бас директоры 
     Ахметбек Күсетайұлы 

     Павлов                       - "Қазақмыс корпорациясы" ААҚ
     Александр Сергеевич            басқарма төрағасы

     Попелюшко                    - "Рахат" ААҚ президентi 
     Анатолий Весханович

     Сатылғанов                   - "Алматы қаржы-сауда банкi" 
     Қайрат Алпамышұлы              ААҚ басқарма төрағасы

     Сауэр                        - "Агроорталық-Астана" ЖШС
     Иван Адамович                  бас директоры

     Сейфуллин                    - "Фудмастер" ААҚ бас директоры
     Сәкен Орынбекұлы

     Сұбханбердин                 - "Қазкоммерцбанк" ААҚ басқарма
     Нұржан Сәлкенұлы               төрағасы

     Сырғабеков                   - "Акцепт" корпорациясы" ЖАҚ 
     Ескендiр Нариманұлы            президентi

     Тұрсынов                     - "Қарасу" ААҚ президентi 
     Алмат Жанәбiлұлы
     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                   Президентiнің
                                             2001 жылғы 29 қыркүйектегi
                                                   N 692 Жарлығымен
                                                     БЕКIТIЛГЕН

                   Қазақстан Республикасы Президентiнің
                   жанындағы Кәсіпкерлер кеңесi туралы
                                   ЕРЕЖЕ

                             1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi 
(бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан құрылатын 
консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
     2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының 
Конституциясы  

K951000_

  , заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнің 
актілерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерi 
құрайды.

                         2. Кеңестің негiзгi мiндеттерi

     3. Кеңестiң негізгi мiндеттерi:
     1) елдi дамыту үшiн отандық iрi бизнестiң әлеуетiн жұмылдыру;
     2) отандық инвестицияларды пайдалану мен қорғаудың негiзгi бағыттарын 
айқындау болып табылады.

                            3. Кеңестiң функциялары

     4. Кеңеске негізгi мiндеттерiне сәйкес мынадай функциялар:


      1) iскерлiк белсендiлiктi ынталандыру және отандық инвесторлар үшiн

қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi шараларды айқындау;
     2) экономиканың құрылымдық реформалары жөнiндегi ұсыныстарды 
тұжырымдау жүктеледі.

                             4. Кеңестiң құқықтары

     5. Кеңес жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын 
орындау үшін:
     1) инвестицияларды тарту, кәсiпкерлiктi және жаңа технологияларды 
дамыту мәселелерiн қарайды;
     2) қаралған мәселелер бойынша шешiм қабылдайды, олар хаттамалармен 
ресiмделедi;
     3) қажет болған жағдайда өз жұмысына қатысу үшiн мемлекеттiк 
органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың басшыларын шақырады.

                        5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

     6. Қазақстан Республикасының Президентi Кеңестiң Төрағасы болып 
табылады.
     7. Кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардың басшылары мен өзге де 
лауазымды тұлғалары, сондай-ақ отандық iрi бизнес өкiлдерi кiредi.
     8. Кеңестiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi 
бекiтедi.
     9. Кеңестiң отырыстары қажеттiгiне қарай жылына кемiнде бiр рет, 
Кеңес Төрағасы айқындаған мерзiмде өткiзiледi.
     10. Кеңес мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
     11. Кеңестiң шешiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң, 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, орталық атқарушы 
және өзге де мемлекеттiк органдардың актiлерiн шығару арқылы iске асырылуы 
мүмкiн.
     12. Кеңестiң қызметiн ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етудi, 
сондай-ақ Кеңес отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар мен қажеттi 
материалдарды дайындауды Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды 
реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi 
агенттiгi жүзеге асырады.
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.