Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 11 мамыр N 605

Қолданыстағы
      Мемлекеттiк қызметтi одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 U000357_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде:
      7-тармақта бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк орган басшысының мемлекеттiк органды құру кезеңiнде қызметтiк қажеттiлiк жағдайында бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, оған орналасуға конкурс өткiзу туралы мiндеттi хабарландыру жариялау шартымен, адамдарды үш айдан аспайтын мерзiмге жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдардың саны мемлекеттiк органның штат санының 20 процентiнен аспауға тиiс.";
      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк орган басшысының конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған адамдарды бос әкiмшiлiк лауазыммен көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн, олардың мiндеттi арнайы тексеруден өткенi туралы нәтижелердi алған күнiне дейiн, жұмысқа қабылдауға құқығы бар. Бұл адамдармен еңбек қатынастары осы Ереженiң 7-тармағының үшiншi және төртiншi абзацтарына сәйкес реттеледi.";
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Басқа мемлекеттiк органдардан iссапарға жiберiлген әскери немесе арнайы атағы бар адамдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк және саяси қызметке кiруi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.";
      2) "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 330 U000330_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 61-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кадр резервiне есепке алынған азаматтар бiр жыл iшiнде лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санатының лауазымына бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген әрi олардың келiсiмi болған жағдайда конкурстан өтпей тағайындалуы мүмкiн.";
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Уәкiлеттi органның резервшiнiң өтiнiшi бойынша, ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасу үшiн оны кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар".
      15-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер конкурстың нәтижесiнде бос қызмет орнына орналасуға үмiткер анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысы кадр резервiне есепке алуға ұсыныла алмайды.";
      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Ереженiң 21-тармағында аталған азаматтар үшiн тиiстi санаттар лауазымдарының кадр резервiне есепке алыну құқығы мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды бiтiрген сәттен бастап туындайды және олар үшiн үш ай бойы сақталады.".
      33-тармақта:
      "хақы бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      "салу" деген сөз "салады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "36. Мемлекеттiк орган әкiмшiлiк қызметтiң бос лауазымына резервшiнi орналастыру туралы шешiм қабылдаған кезде осы мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының ұсынысы бойынша кадр резервiне бұрын алынған адамдардың кандидатурасын бiрiншi кезекте қарайды.
      Кадр резервiнде лауазымдардың осы санатына немесе мемлекеттiк органның бос лауазым үшiн белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн резервшiлер болмаған немесе резервшiмен әңгiмелесу нәтижесi қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, мемлекеттiк органның конкурс өткiзуге құқығы бар.
      Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы уәкiлеттi органды он күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.";
      3) "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 U000327_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 1, 1-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшілік қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережесiнде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қызметшiлер мемлекеттiк қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде, аттестациядан өтедi.
      Бұл ретте аттестация аталған мерзiм басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте мемлекеттiк қызметшiнiң бiр мемлекеттiк органнан жұмыстан шыққан күнiнен бастап, басқа мемлекеттік органға қызметке тағайындалған күнiне дейiн 3 ай өтпеген және оның аталған кезеңде өзге заңды (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, мемлекеттiк қызмет өткеру үзiлiссiз болып саналады.".
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi бiр ай мерзiмде өздерiнiң 
бұрын қабылдаған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
     3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 
     4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президентi 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.