Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 25 сәуір N 589

Қолданыстағы
      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңының 14-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда 2002 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "2001 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын түзу жөніндегі бюджеттік комиссия құру туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 355 U000355_ Жарлығы, аталған Жарлықтың 4-тармағын қоспағанда;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы

Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 355 Жарлығына өзгерістер енгізу 
туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 438  

U000438_

  Жарлығы. 
     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
                                                  Қазақстан Республикасы 
                                                      Президентінің 
                                                  2001 жылғы 25 сәуірдегі 
                                                      N 589 Жарлығына 
                                                          қосымша 
     
                   2002 жылға арналған республикалық 
               бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі 
                     бюджеттік комиссияның құрамы 
     
     Жандосов                         - Премьер-Министрдің орынбасары, 
     Ораз Әлиұлы                        төраға 
     
     Есенбаев                         - Қаржы министрі, орынбасар 
     Мәжит Төлеубекұлы 
     
     Келімбетов                       - Стратегиялық жоспарлау жөніндегі 
     Қайрат Нематұлы                    агенттік төрағасы, орынбасар 
     
     Коржова                          - Қаржы вице-министрі, хатшы 
     Наталья Артемовна 
     
                           Комиссия мүшелері: 
     
     Аманбаев                         - Премьер-Министр Кеңсесі 
     Мұрат Ермаханұлы                   Басшысының орынбасары 
     
     Ахметов                          - Премьер-Министрдің бірінші 
     Даниал Кенжетайұлы                 орынбасары 
     
     Бурлаков                         - Парламент Сенаты Аймақтық даму 
     Леонид Николаевич                  және жергілікті өзін-өзі басқару 
                                        мәселелері жөніндегі комитетінің 
                                        төрағасы (келісім бойынша) 
     
     Жәмішев                          - Қаржы бірінші вице-министрі 
     Болат Бидахметұлы 
     
     Ертілесова                       - Президент Әкімшілігі Басшысының 
     Жаннат Жұрғалиқызы                 орынбасары 
     
     Кәкімжанов                       - Мемлекеттік кіріс министрі 
     Зейнолла Халидоллаұлы 
     
     Қарағұсова                       - Парламент Сенаты Экономика, 
     Гүлжан Жанпейісқызы                қаржы және бюджет жөніндегі 
                                        комитетінің төрайымы 
                                        (келісім бойынша) 
     
     Құлекеев                         - Экономика және сауда министрі 
     Жақсыбек Әбдірахметұлы 
     
     Марченко                         - Ұлттық Банк төрағасы 
     Григорий Александрович 
     
     Өтембаев                         - Президент Әкімшілігі Басшысының 
     Ержан Әбілхайырұлы                 орынбасары 
     
     Рогов                            - Әділет министрі 
     Игорь Иванович 
     
     Тасмағамбетов                    - Премьер-Министрдің орынбасары 
     Иманғали Нұрғалиұлы 
     
     Тұрысов                          - Парламент Мәжілісі Қаржы және 
     Қаратай Тұрысұлы                   бюджет жөніндегі комитетінің 
                                        төрағасы (келісім бойынша) 
     
     Чиркалин                         - Парламент Мәжілісі Экономикалық 
     Иван Федорович                     реформа және аймақтық даму 
                                        жөніндегі комитетінің төрағасы 
                                        (келісім бойынша) 
     
     Школьник                         - Премьер-Министрдің орынбасары - 
     Владимир Сергеевич                 Энергетика және минералдық 
                                        ресурстар министрі 
     
     
                                                  Қазақстан Республикасы 
                                                      Президентінің 
                                                  2001 жылғы 25 сәуірдегі 
                                                     N 589 Жарлығымен 
                                                        бекітілген 
     
              Тиісті қаржы жылына арналған республикалық 
               бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі 
                      бюджеттік комиссия туралы 
                                ереже 
     
                           I. Жалпы ережелер 
     


      1. Осы Ереже Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті

қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) 
қызметін реттейді. 
     2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының 
Конституциясы  

K951000_

  мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 
актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, 
сондай-ақ осы Ереже құрайды. 
     
                       II. Комиссияның міндеттері 
     
     3. Комиссияның негізгі міндеттері тиісті қаржы жылына арналған 
республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу және үш жылдық кезеңге арналған 
мемлекеттік бюджеттің негізгі болжамды көрсеткіштерін анықтау болып 
табылады. 
     
                      III. Комиссияның функциялары 
     
     4. Комиссия оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген 
тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
     1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және: 
     Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған 
мемлекеттік бюджетінің болжамды көрсеткіштерін; 
     алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің қаражатын 
жұмсаудың басым бағыттарының тізбесін; 


      алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесін анықтайды;
      2) шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің болжамды көлемдерін анықтау және кейіннен Комиссияның жұмыс органының Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізуі үшін олардың тізбесін анықтайды;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің мынадай болжамды көрсеткіштерін:
      ішкі сыныптар бөлінісінде республикалық бюджетке түсетін түсімдерді, оның ішінде республикалық бюджетке облыстық бюджеттерден және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алуларды;
      республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитін);
      тиісті қаржы жылының аяғындағы үкіметтік борыш лимитін;
      мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін;
      республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенцияларды;
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде республикалық бюджет шығыстарының және оны несиелендірудің бөлінетін лимитін қарайды және анықтайды;
      4) келісуге енгізілген жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері бойынша Комиссияның жұмыс органы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы келіспеушіліктерді реттеу жөнінде шешім шығарады;
      5) республикалық бюджеттің жобасына енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын бюджеттік бағдарламалар бойынша белгіленген нысан бойынша дайындалған негіздемелер бойынша шешім шығарады;
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі енгізген, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған, мақсаттарын Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттерді алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарайды;
      7) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының болжамды көрсеткіштерін:
      ерекшеліктер бөлінісінде республикалық бюджетке түсетін түсімдердің көлемдерін, оның ішінде республикалық бюджетке облыстық бюджеттерден және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алуларды;
      бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша республикалық бюджеттің шығыстарының және оны несиелендірудің көлемдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенцияларды;
      республикалық бюджет тапшылығының (профицитінің) мөлшерін;
      тиісті қаржы жылының аяғындағы үкіметтік борыш лимитін;
      мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының тиісті қаржы жылының аяғындағы борыш лимитін анықтайды;
      8) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген республикалық бюджеттің көрсеткіштері негізінде Комиссияның жұмыс органының алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
      9) өзінің құзыреті шегінде Комиссияның жұмыс органы енгізетін өзге де мәселелерді қарайды.

                         IV. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да

ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды 
сұратуға және оларды алуға; 
     4) Комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша 
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларын, ал олар болмаған 
кезде - бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды Комиссияның 
отырыстарына шақыруға және тыңдауға құқығы бар. 
     
          V. Комиссияны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібі 
     
     6. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы 
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады. 
     Комиссияның құрамына: 
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері; 
     Парламенттің депутаттары (келісім бойынша); 
     мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және (немесе) олардың 
орынбасарлары; 
     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысы және (немесе) 
оның орынбасарлары енеді. 
     Қажет болған жағдайда Комиссияның құрамына басқа да тұлғалар 
енгізілуі мүмкін. 
     7. Комиссияның органдары: 
     1) жұмыс органы; 
     2) Комиссияның төрағасы; 
     3) Комиссия төрағасының орынбасарлары; 
     4) хатшы. 


      8. Комиссияның отырыстары арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
      9. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын төраға тағайындаған орынбасары орындайды.
      10. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
      11. Жұмыстың жоспар-кестесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесінде анықталған мерзімдерге сәйкес Комиссия анықтайды.
      12. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
      13. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен, сондай-ақ комиссия мүшелеріне сауал қою жолымен қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      14. Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындысын көрсете отырып, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға анықтайтын жағдайларда Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері бұрыштама қояды. Комиссияның қабылдаған шешімі Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссияның мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, отырыстың хаттамасына қоса берілетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқығы бар.
      15. Комиссияның оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған шешімдері барлық мемлекеттік органдардың міндетті түрде қарауына және көрсетілген мерзімде орындауына жатады.
      16. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігіне жүктеледі. 
     17. Комиссия анықтайтын мерзімдерге және күн тәртібіне сәйкес 
Комиссияның отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссияның 
мүшелеріне, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және 
жергілікті атқарушы органдарға тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын 
дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін 
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесінен 
туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.
     
                   VI. Комиссияның қызметін тоқтату 
     
     18. Комиссияның қызметін тоқтатуға: 
     1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы; 
     2) Қазақстан Республикасы Президентінің Комиссияның қызметін тоқтату 
туралы шешім қабылдауы негіз болады. 
     19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін 
тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының 
Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған жұмыс 
туралы есеп-хат жіберіледі. 
     Комиссияның есеп-хаты: 
     1) Комиссия талдап жасаған қорытынды құжатты; 
     2) Комиссия өзінің қызметін тоқтатуды қажет деп санайтын негіздерді 
қамтиды. 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.