Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 13 ақпан N 557

Қолданыстағы
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 U962975_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге:
      1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Комиссияны Мемлекет басшысы тағайындайтын төраға басқарады. Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас Прокурор және Әділет министрі (олар болмаған жағдайда - аталған лауазымды тұлғалардың орынбасарлары) кіреді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін";
      2) 9-тармақта "бір жыл" сөздері "алты ай" сөздерімен алмастырылсын;
      3) 17-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өлім жазасына кесілген адамдарға қатысты - Қазақстан

Республикасының Жоғарғы Сотына және Бас прокуратурасына; 
     2) бас бостандығына айыруға және басқа жаза шараларына сотталған 
адамдарға қатысты - олардың орындалуын басқаратын органдарға жіберіледі."; 
     3) тармақша алынып тасталсын; 
     4) 11, 13, 15, 20-тармақтардағы "Азаматтық және кешірім жасау 
мәселелері жөніндегі бөлімі" деген сөздер "Мемлекеттік-құқық бөлімі" деген 
сөздермен алмастырылсын. 
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.