Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 29 қаңтар N 543

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi қызметтi регламенттеу мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402  Жарлығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "Қордың шотында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шотында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "Қор қаражатының" деген сөздер "Қордың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне Қорды қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi жылдық есептi табыс етедi.".

      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      2001 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану үшiн қажеттi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" және "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бiрлесiп, осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қолдансын.

      4. Осы Жарлық осы Жарлықтың, 3-тармағында көрсетiлген "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап күшiне енетiн Ереженiң 6-тармағынан, сондай-ақ 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн Ереженiң 7-тармағының 1) тармақшасынан басқа, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң       
2001 жылғы 29 қаңтардағы 
N 543 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН        

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Қор) негiзгi мақсаттарын, мiндеттерiн, сондай-ақ оны басқару жөнiндегi мемлекеттiк органдардың функцияларын, құқықтары мен мiндеттерiн анықтайды.

      2. Қордың мақсаты мемлекеттiң қорларын қалыптастыру (жинақ функциясы), сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң әлемдiк бағаның конъюнктурасына тәуелдiлiгiн төмендету (тұрақтандыру функциясы) болып табылады.

      3. Қорды қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына , заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және Ұлттық Банкiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шотында шоғырландырылатын қаржылық активтердiң жиынтығын бiлдiредi.

2. Қорды қалыптастыру көздерi және тәртiбi

      5. Қазақстан Республикасы Әлеуметтiк-экономикалық дамуының бес жылдық индикативтiк жоспарының құрамында шикi мұнайға, мысқа және оның негiзiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу және бекiту кезiнде қазақстандық тауар өндiрушiлердiң шикiзат тауарларын сатуының орташа бағалары және шикiзат секторынан алынатын мемлекеттiк бюджеттiң оларға тиiстi кiрiстерi ескерiлетiн қазақстандық экспорттың едәуiр үлесiн құрайтын басқа да шикiзат тауарларына есептiк тұрақты әлемдiк бағалар белгіленедi. Шикiзат тауарларына есептiк тұрақты бағалар дүниежүзiлiк бағалар қозғалысын сақтау болжамына сүйене отырып белгiленедi.

      6. Тұрақтандыру функциясын орындау мақсатында Қор республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде оған шикiзат секторының ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) төленетiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң мынадай түрлерi:
      корпоративтік табыс салығы; <*>
      қосылған құнға салынатын салық;
      үстеме пайдаға салынатын салық;
      бонустар;
      роялтилер;
      жасалған келiсiм-шарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi Қазақстан Республикасының үлесi бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген түсiмдердiң сомаларынан асып түсуiн есепке алу жолымен қалыптастырылады.
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.02.10. N 1018 жарлығымен.

      7. Жинақ функциясын орындау мақсатында Қор мынадай түсiмдердiң:
      1) осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерде жоспарланған түсiмдер сомаларының 10% мөлшерiнде есептелетiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алынатын ресми трансферттердiң;
      1-1) мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке сатуынан түсетін қаражаттың; <*>
      2) Қорды басқарудан алынатын инвестициялық кiрiстердiң;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстердiң есебiнен қалыптастырылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2003.12.02. N 1240 жарлығымен .

      8. <*>
      Ескерту. 8-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.02.10. N 1018 жарлығымен.

      9. Қорға ақшаны есепке алудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.

3. Қорды пайдалану

      10. Қор:
      1) тұрақтандыру функциясын орындау мақсатында - бюджет заңдарына сәйкес осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген шикiзат секторының ұйымдарынан алынатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегi сомаларының арасындағы айырма ретiнде анықталатын шығынды өтеу үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерге Қордан түсетiн түсiмдер ретiнде; <*>
      2) Қордан республикалық және жергiлiктi бюджеттерге Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын мақсаттарға берiлетiн Қордың мақсатты трансферттерi түрiнде;
      3) Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.02.10. N 1018 жарлығымен.

      11. Қор оны жинау және инвестициялық кiрiс алу мақсатында сенiмдi және өтiмдi шетелдiк қаржылық активтерге орналастырылады.

      12. Қор жекеменшiк немесе мемлекеттiк ұйымдарды несиелендiру үшiн және мiндеттемелердi қамтамасыз ету ретiнде пайдаланылмайды.

      12-1. Қорды республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге пайдалану Қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі бойынша жүргізіледі. <*>
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2003.02.10. N 1018 жарлығымен.

      13. Қорды пайдалану Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтаған тәртiппен осы Ережеде көзделген мақсаттарда ғана жүзеге асырылады.

4. Қорды басқару

      14. Қазақстан Республикасының Президентi:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi Кеңестiң (бұдан әрi - Кеңес) құрамын қалыптастырады;
      2) Қордың мәселелерi бойынша Кеңеске, Қазақстан Республикасының Yкiметiне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;
      3) Қорды басқару жөнiндегi қызметтi бақылауды жүзеге асырады;
      4) Кеңеске ұсынымдар беру үшiн оған бекiтуге енгiзiлген Қорды басқаруға байланысты құжаттарды жiбередi;
      5) осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      15. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қорды басқару кезiнде мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
      1) есептiлiк жасау ережесiн, Қорға ақшаны есепке алу және Қорды пайдалану тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) Қорды басқаруға байланысты қызмет жөнiндегi ақпараттық материалдар мен қаржылық есептiлiктi табыс ету кестесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп әзiрлейдi және бекiтедi;
      3) Президентке Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептi және Қазақстан Республикасының Парламентiне Қорды қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi қызмет туралы ақпаратты табыс етудi қамтамасыз етедi;
      4) Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      5) Қорды қалыптастырудың және пайдаланудың бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыруды қамтамасыз етедi;
      6) осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      16. Қорды сенiмдi басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Yкiметi арасында жасалатын сенiмдi басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қорды сенiмдi басқару шартының негiзiнде:
      1) Қордың бөлiгiн сырттан басқарушының басқаруына берудi қоса алғанда, оны дербес инвестициялауды;
      2) инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережесiн әзiрлеудi және бекiтудi;
      3) Қазақстан Республикасының Yкiметiне Қорды сенiмдi басқарудың нәтижелерi туралы есеп берудi;
      4) осы Ережеде және сенiмдi басқару туралы шартта көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Қорды тиiмдi сенiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен өкiлеттігiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң атынан Қорды сенiмдi басқару жөнiндегi шешiмдердi жедел қабылдау кiретiн (Өкiлеттi өкiл) арнайы лауазымды тұлға (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) анықталады.

      18. Қазақстан Республикасының Yкіметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қорды басқару мәселелерi жөнiндегi ұйғарылып отырған iс-қимылдар мен қол жеткен нәтижелер туралы бiр-бiрiн хабардар етуге мiндеттi.

5. Кеңестiң құрамы мен функциясы

      19. Қорды басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган - Кеңес құрылады.

      20. Кеңестiң негiзгi мiндетi Қорды пайдалану мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне жәрдемдесу және ұсынымдарды пысықтау болып табылады.

      21. Кеңестiң отырыстары Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе оның тапсырмасы бойынша Кеңестiң бiр мүшесiнiң төрағалық етуiмен жүргiзiледi және хаттамамен ресiмделедi. Кеңестiң отырыстары оның мүшелерiнiң үштен екісi болған жағдайда заңды. Кеңес мүшелерiнiң өздерiнiң өкілеттiктерiн өзге лауазымды тұлғаларға табыстауына жол берiлмейдi.
      Кеңестiң шешiмдерi Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады және заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен iске асырылады. Дауыстар тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады.

      22. Кеңестің құрамы:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi;
      2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;
      3) Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасы (келiсiм бойынша);
      4) Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы (келiсiм бойынша);
      5) Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы;
      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы;
      7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; <*>
      8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрi;
      8-1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі; <*>
      9) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Төрағасы кiредi.
      Ескерту. 22-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.02.10. N 1018 жарлығымен.

      23. Кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi болып табылады.

      24. Кеңестiң функциялары:
      1) Қорды пайдаланудағы тұжырымдамалық тәсiлдердi қарау;
      2) Қорды пайдалану көлемi мен бағыттары бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi мақұлдау болып табылады.

      25. Кеңестiң осы Ережеде көзделген құжаттарды қарау мерзiмдерi құжаттардың Кеңеске түскен сәтiнен бастап екі аптадан аспайды.

6. Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептiлiк

      26. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, жыл сайын есептiден кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi жасайды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi есептiден кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде сыртқы аудиттi жүргiзудiң нәтижелерiмен бiрге Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне енгiзедi.

      27. Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп:
      1) Қордың түсiмдерi мен оны пайдалану туралы есептен;
      2) Қорды сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы есептен;
      3) Қорды басқару жөнiндегi өзге де деректерден тұруы тиiс.

      28. Қорды басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын сыртқы аудит жүргізiледi.
      Тәуелсiз аудиторды таңдау конкурстық негiзде және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      29. Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және сыртқы аудиттi жүргiзудiң нәтижелерi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      30. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың осы Ереженi сақтамауы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қорды басқару жөнiндегi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қорды сенiмдi басқару туралы шартта көзделген тәртiппен жауапты болады.