Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 26 қаңтар N 542

Қолданыстағы
      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 U990089_ Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

     аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті 
Әкімшілігінің құрылымындағы: 
     "Президенттің Парламент Сенатындағы Өкілі 
     Президенттің Парламент Мәжілісіндегі Өкілі" деген жолдар мынадай 
редакцияда жазылсын: 
     "Президенттің Парламенттегі Өкілдігі". 
     2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 4 сәуірдегі N 1623 
 

N941623_

  өкімінің күші жойылған деп танылсын. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.