1. Алматы және Қарағанды қалаларында Қазақстан Республикасының соттары үшін бекітілген штат саны шегінде, қолданыстағы заңдарға сәйкес экономикалық дауларды қарауға уәкілетті мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Жоғарғы Сотының
Төрағасы, Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың кадр құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.