Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 30 қараша N 492

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Z952733_ Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің және оның аумақтық бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне үлестің ақшалай, заттай және өзге де түрлерінің, ал жұмысшылар мен қызметшілерге еңбекке ақы төлеудің қайта құрылып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс агенттігі кезіндегі шарттары мен мөлшері қалдырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі N 2922 U962922_ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 4-тармақтың 2) тармақшасындағы "Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органының" деген сөздер "ведомстволарының" сөзімен ауыстырылсын;
      2) 7-тармақтағы "Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органының басшысы" сөздері "Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының басшылары" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) 9-тармақтағы:
      1) тармақша ", Комитет Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерін және ведомстволарын құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар жасайды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарын, әскери қарсы барлау органдарын, әскерлерді, арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарын және ведомствоға қарасты ұйымдарды құрады, қайта құрады және таратады";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының және аумақтық органдарының, әскери қарсы барлау органдарының, әскерлердің, арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының және ведомствоға қарасты ұйымдардың құрылымын, функционалдық міндеттері мен штатын, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді, бұған олар туралы ережелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ведомстволар кірмейді;";
      9) тармақшасындағы "құзыретін" сөзі "өкілеттігін" сөзімен, "Комитет жанындағы үкіметтік байланыс органы басшысының" сөздері "ведомство басшыларының" сөздерімен ауыстырылсын;
      10) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігі Басшысының келісімімен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы бойынша департаменттерінің, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тізбе бойынша өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғаларды тағайындау мен босату тәртібін белгілейді;";

     мынадай мазмұндағы 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
     "22) әскери қызметшілерге, жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек 
сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы белгілеудің тәртібі мен шарттарын 
анықтайды;
     23) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара 
қызметінің Әскери кеңесі туралы ережені, оның саны мен құрамын бекітеді.".
     4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзінің 
нормативтік құқықтық актілерін осы Жарлыққа сәйкестендірсін.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Президентiнiң
                                              2000 жылғы 30 қараша
                                                N 492 Жарлығымен
                                                      бекiтiлген
     
         Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
                  Yкiметтiк байланыс қызметi туралы 
                                 ЕРЕЖЕ 
     
                           1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Yкiметтiк байланыс қызметi (бұдан әрi - Yкiметтiк байланыс қызметi) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомствосы болып табылады.
      2. Yкiметтiк байланыс қызметi өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге (бұдан әрi - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
      3. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң құрылымын Дирекция, басқармалар, сондай-ақ аумақтық бөлiмшелер құрайды.
      4. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң құрылымы және штат саны қызмет бағыттарымен, жүктелген мiндеттердiң көлемiмен айқындалады және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.
      5. Yкiметтiк байланыс қызметi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ банктерде заңдарға сәйкес есепшоттары болады.
      6. Yкiметтiк байланыс қызметi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi, егер осыған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiгi болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретiнде мемлекет атынан түсуге құқығы бар.
      Yкiметтiк байланыс қызметiнiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бигелдинов көшесi, 74.
      Yкiметтiк байланыс қызметiнiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Yкiметтiк байланыс қызметi" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Yкiметтiк байланыс қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.

              2. Негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      8. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
      1) бейбiт кезеңде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президентiн оның тұрақты тұрған жерлерiнде, уақытша болатын орындарында және Қазақстан Республикасы аумағы мен шетелдердегi қозғалысы кезiнде үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттiк органдарды, Қарулы Күштердi, елдiң басқа да әскерiн және әскери құралымдарын бейбiт кезеңде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
      3) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң мемлекет және үкiмет басшыларын, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкiлдерiн, олардың Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын орындарында, халықаралық келiсiмдер негiзiнде үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
      4) бейбiт кезеңде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарында және әскери құралымдарында шифрлау жұмыстарын ұйымдастыру;
      5) мемлекеттiк ұйымдар мен әскери құралымдарда арнаулы байланыс түрлерiнiң және шифрлау жұмыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      6) арнаулы байланыс жүйелерi мен желiлерiнiң техникалық саясаты мен дамыту бағыттарын айқындау;
      7) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының тиiстi қызметтерiмен бiрлесе отырып, осы органдардың аса маңызды үй-жайлары мен олардағы техникалық құралдарды техникалық арналар бойынша құпия ақпараттың тарап кетуiнен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
      9. Yкiметтiк байланыс қызметi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
      1) Қазақстан Республикасының арнаулы байланыс желiлерi мен жүйелерiн ұйымдастыру, пайдалану, қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, дамыту және жетiлдiру;
      2) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң күллi бөлiмшелерiнiң шифрлау құралдарына өтiнiмдерiн жинақтау және оларды дайындауға тапсырыстарды бөлiп орналастыру, тапсырыс берушiлерге шифрлау құралдарын жiберудi жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының күллi ұйымдарындағы мемлекеттiк шифрлау құралдары мен оларға теңестiрiлген құжаттардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, орталықтандырылған есепке алуды, сондай-ақ олардың қозғалысын бақылауды жүзеге асыру;
      4) Yкiметтiк байланыс қызметi үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiң радиожиiлiлiк жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясында белгiленген тәртiппен радиожиiлiктiң қажеттi белдеулерiне тапсырыс беру және алу, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк сыйымдылығы мәселелерiн шешу;
      5) техникалық барлауға қарсы әрекет ету жөнiндегi техникалық iс-шаралар әзiрлеу мен iске асыру, сондай-ақ ақпаратты техникалық қорғау саласында ұлттық қауiпсiздiк органдарының техникалық құралдарын, ғимараттары мен құрылыстарын пайдалану жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарын орындауды бақылау;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын және шетел өкiлдiктерiн (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн қоспағанда) шифрлау құралдарымен қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының ақпараттық және жергiлiктi компьютерлiк жүйелерiнiң iркіліссiз жұмысын қамтамасыз ету, бағдарламалық өнiмдер енгiзу;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң басшылығын, органдары мен бөлiмшелерiн бөлiнген қаржы шегiнде ведомстволық байланыспен қамтамасыз ету;
      9) арнаулы байланыстың үкiметтiк және басқа арнаулы түрлерi жүйесiнiң соғыс уақытында және төтенше жағдайларда жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету;
      10) халықаралық шарттар, ведомствоаралық келiсiмдер мен олардың хаттамалары негiзiнде басқа мемлекеттердiң үкiметтiк байланыс органдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
      11) Yкiметтiк байланыс қызметiнiң жұмылдыру дайындығын және жұмылдыру дайындығының жай-күйiн бақылауды ұйымдастыру.
      10. Yкiметтiк байланыс қызметiне және оның қызметкерлерiне өз құзыретi шегiнде функцияларын жүзеге асыру үшiн мынадай құқықтар берiледi:
      1) Yкiметтiк байланысты уақтылы ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүретiн жерлерi туралы алдын-ала ақпарат алып отыру;
      2) күллi мемлекеттiк ұйымдар мен әскери құралымдар орындауға мiндеттi арнаулы байланыстың үкiметтiк, шифрланған және өзге түрлерiн ұйымдастыру жұмыс iстеуi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде нұсқамалар шығару;
      3) арнаулы байланыстың үкiметтiк және басқа түрлерiнiң iс-қимылын қамтамасыз ету үшiн байланыс желiлерi мен арналарын жалға алуға және техникалық қызмет көрсетуге келiсiм-шарттар жасасу;
      4) мемлекеттiк органдар үшiн байланыстың арнаулы жүйелерiн деректер берудiң арнаулы желiлерiн, құру, пайдалану жөнiндегi жұмысты, Yкiметтiк байланыс қызметiнiң жұмысын қамтамасыз етуге қажеттi құрылыс, өндiрiс және басқа да жұмыстарды дербес және ұйымдармен және кәсiпорындармен келiсiм-шарттар бойынша жүргiзу;
      5) арнаулы байланыс желiлерi мен жүйелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi байланыс құралдарын әзiрлеу мен жеткiзуде заңды тұлғалармен, соның iшiнде шетелдiктермен шарт жасасуға;
      6) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген шарттар мен тәртiпке сәйкес үкiметтiк және шифрланған құжаттық байланысты пайдаланғанына ақы алу;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдары мен әскери құралымдарының шифрлау қызметтерiнiң жұмыс мәселелерi бойынша мәлiметтер сұрату;
      8) ТМД Yйлестiру Кеңесiнiң отырыстарына үкiметтiк байланыс жөнiнде материалдар дайындау және мұндай отырыстардың жұмысына қатысу;
      9) шетелде орналасқан мекемелерде қолдануға арналған құпия ақпаратты өңдеу, сақтау мен берудiң техникалық құралдарын әзiрлеу, өндiру, iске асыру және пайдалану тәртiбiн айқындауға қатысу;
      10) шетелде орналасқан мекемелерде құпия ақпаратты өңдеу, сақтау мен берудiң техникалық құралдарын пайдалану орнында қорғауды iске асыру мен бақылау шаралары жөнiндегi нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу;
      11) Қазақстан Республикасы жоғары мемлекеттiк билiк органдарының аса маңызды үй-жайларынан құпия ақпараттың тарап кетуi мүмкiн болатын техникалық арналарды жою жөнiндегi ұсынымдарды iске асыруды бақылауды жүзеге асыру, қорғалуы Yкiметтiк байланыс қызметiнiң құзыретiне кiретiн орталық атқарушы билiк органдарының техникалық құралдары мен

объектiлерiнiң қорғалуын бақылауды жүзеге асыру;
     12) ведомствоға қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату 
туралы ұсыныс енгiзу;
     13) ведомствоға қарасты мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң 
жарғыларын бекiту, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi 
функциясын жүзеге асыру;
     14) заңнамаға сәйкес Yкiметтiк байланыс қызметiне берiлген өзге 
де құқықтарды жүзеге асыру.
     
                            3. Мүлкi
     
     11. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң жедел басқару құқығында оқшауланған 
мүлкi болады.
     Yкiметтiк байланыс қызметiнiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң 
есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, 
сондай-ақ құны баланста көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
     12. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң мүлкi мемлекеттiк меншiкке жатады.
     Yкiметтiк байланыс қызметiне заңнамада белгiленген жағдайлар
мен шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
     
                     4. Қызметiн ұйымдастыру
     
     13. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң жұмысы мына негiзде құрылады:
     1) ағымдық және перспективалық жоспарлау, сондай-ақ жұмыстың мақсатты 
және кешендi бағдарламалары;


      2) Yкiметтiк байланыс қызметiне кiретiн бөлiмшелердiң арасында, әскери қызметшiлердiң, жұмысшылар мен қызметшiлердiң арасында олардың лауазымдық жағдайын ескере отырып, функцияларды бөлiп беру.
      14. Yкiметтiк байланыс қызметiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
      Yкiметтiк байланыс қызметi директорының орынбасарлары, соның iшiнде Yкiметтiк байланыс қызметi директорының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бiр бiрiншi орынбасары болады.
      Yкiметтiк байланыс қызметiнiң басқа да лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздік комитетiнiң Төрағасы белгiлеген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      15. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң директоры Yкiметтiк байланыс қызметiнiң жұмысын ұйымдастырады, басшылық жасайды және оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi.
      16. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң директоры:
      1) өз орынбасарларының, аумақтық және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өкiлеттiктерiн айқындайды, Yкiметтiк байланыс қызметiнiң бөлiмшелерi арасында функцияларын бөледi, олардың қызмет тәртiбi туралы ереженi бекiтедi;
      2) Yкiметтiк байланыс қызметiнiң атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, сондай-ақ Yкiметтiк байланыс қызметiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша халықаралық ұйымдарда өкілдік етеді;
      3) Yкiметтiк байланыс қызметiн ұстауға бөлiнген қаржы-қаражатты бөледi;
      4) бұйрықтарға қол қоюға және құжаттарды бекiтуге берiлген құқығына сәйкес бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер шығарады;
      5) Қазақстан Республикасы ҰҚК-нiң Төрағасына үкiметтiк, ведомстволық және құжаттық шифрланған байланысты дамыту және жетiлдiру Yкiметтiк байланыс қызметiнiң ұйымдастырушылық-штаттық, кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгізедi;
      6) Yкiметтiк байланыс қызметi бөлiмшелерi белгiленген нормаларға сәйкес аппаратура мен жабдықтарды пайдалануға жұмсайтын пайдаланылатын материалдардың, қосалқы бөлшектер мен құрал-аспаптардың негiзгi құралдарын (қорларын) шығынға жазу актiлерiн бекiтедi;
      7) ақшалай және материалдық құндылықтарды пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;
      8) Yкiметтiк байланыс қызметiнiң қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының шегiнде және ТМД елдерiне қызметтiк iссапарларға жiбередi;
      9) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң директоры орнында болмаған кезде оның мiндетiн директордың тапсыруы бойынша бiрiншi орынбасары немесе орынбасарларының бiрi атқарады.
      18. Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрiнiң қаперiнсiз олардың үкiметтiк және арнаулы байланысының өзге де түрлерiн үзiп тастау, осы қызметтердi көрсетуге рұқсат беруге құқығы бар адамдардың қаперiнсiз үкiметтiк және байланыстың өзге де түрлерiн пайдаланушы басқа адамдарға осы қызметтердi көрсетудi заңсыз тоқтату заңмен қудаланады.
      19. Мемлекеттiк, қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия

болып табылатын мемлекеттiк шифрларға, сондай-ақ Yкiметтiк байланыс 
қызметiнiң қызметi туралы мәлiметтерге рұқсат алған барлық адамдар 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың сақталу тәртiбiн 
бұзғаны үшiн жауапты болады.
     20. Yкiметтiк байланыс қызметiнiң жұмысын қадағалау Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
     
               5. Қайта ұйымдастыру және тарату
     
     21. Yкiметтiк байланыс қызметiн қайта ұйымдастыру және тарату 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
     
     
     Мамандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Багарова Ж.А.