Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 12 қазан N 471

Қолданыстағы
      Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету және "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 U000440_ Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.
      2. Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң штат саны лимитi Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратынан - 29 бiрлiктi, Жоғарғы Сот аппаратынан - 5 бiрлiктi, облыстық соттардан - 48 бiрлiктi, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларынан 145 бiрлiктi беру жолымен түзiледi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң штат саны лимитi Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратынан аталған лимиттердi беру жолымен 8 бiрлiкке көбейтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң келесi Жарлықтарына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi

оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  

U990029_

  Жарлығына:
     1-қосымшада:
     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi" бағанында "317" 
саны "325" санымен алмастырылсын;
     "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты" бағанындағы "136" 
саны "131" санымен алмастырылсын.
     3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
                                                Қазақстан Республикасы
                                                    Президентiнiң
                                               1999 жылғы 22 қаңтардағы
                                                    N 29 Жарлығына
                                                       3-Қосымша

              Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
            Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң штат саны лимитi
     ----------------------------------------------------------------
      Қазақстан Республикасының
      Жоғарғы Соты жанындағы Сот                        34
      әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет

      Облыстардағы, Астана, Алматы 
      қалаларындағы әкiмшiлер                           193
     ----------------------------------------------------------------

            Қазақстан Республикасының соттарының штат саны лимитi
     ----------------------------------------------------------------
      Облыстық соттар                                   1443
      Аудандық соттар                                   5339
      Әскери соттар                                     185
     ----------------------------------------------------------------

     2) 
<*>

     Ескерту. 4-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Президентiнiң 
              2002.02.11. N 806 жарлығымен.  

U020806_

 
     5. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде өз шешiмдерiн 
осы Жарлыққа сәйкес келтiрiлсiн, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар 
қолданатын болсын.
     6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентiнің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
     7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті

                                                  Қазақстан Республикасы
                                                      Президентiнiң
                                                 2000 жылғы 12 қазандағы
                                                     N 471 Жарлығымен
                                                        бекiтiлген

         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi
                          жөнiндегі комитет туралы
                                  ЕРЕЖЕ

                               1. Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Комитет) облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың (бұдан әрi - жергiлiктi соттар) қызметiн материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, сондай-ақ атқарушы құжаттарды уақтылы атқаруды қамтамасыз ететін уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.22. N 536
               жарлығымен. U010536_
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет пен оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкiмшiлерi (бұдан әрi - әкiмшiлер) жергiлiктi соттардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      4. Комитет пен оның әкiмшiлерi мемлекеттiк мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары болып табылады, өзiнің атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет пен оның әкiмшiлерi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Комитет пен оның әкiмшiлерi жергiлiктi соттардың дербестiгiн, судьялардың сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсіздiгiн нығайтуға жәрдемдесуге мүдделi және олардың сот ісін жүргiзу қызметiне араласуға хақысыз.
      6. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Комитет Төрағасының

ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
     7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
     8. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Кенесары 
көшесi, 83.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.22. N 536        
              жарлығымен.  

U010536_

 
     9. Комитеттiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 
жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет".
     10. Комитеттi қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен 
жүзеге асырылады.

       2. Комитеттiң өкiлеттiктерi, құрылымы және қызметiн ұйымдастыру

     11. Комитет:
     1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен келiсе отырып:


      - жергiлiктi соттарды құру, қайта ұйымдастыру не тарату, судьялардың жалпы штат саны бойынша ұсыныстарды тұжырымдап, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi;
      - жергiлiктi соттарды, Комитеттi және әкiмшiлердi қаржыландыру туралы ұсыныстар әзiрлеп, Үкiметке табыс етедi;
      2) сот төрағаларының ұсынуы бойынша жергiлiктi соттар судьяларының штат санын белгiлейдi;
      3) судьялар мен жергiлiктi соттар аппаратының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қолданады, сот қызметi саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және қаржыландырады, жергiлiктi соттардың кадрларға мұқтажын айқындайды, оларға тағылымдама ұйымдастырады;
      4) азаматтар мен ұйымдардың жергiлiктi соттар судьяларының iс-әрекетiне арыздарын қарауда сот төрағаларына жәрдемдеседi;
      5) судьялар мен жергiлiктi соттар аппараттарының, атқарушылық өндіріс оргпндары қызметкерлерi жүктемелерiнiң нормативтерiн әзiрлейдi; <*>
      6) заңнаманы жүйелеу жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады және соттарды нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етедi;
      7) жергiлiктi соттар аппаратын құру жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады;
      8) судьялар мен жергiлiктi соттар қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Комитет қызметкерлерiнiң дербес есебiн жүргiзедi;
      9) сот статистикасын жүргiзу мәселелерi бойынша статистика және ақпарат органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, iс жүргiзудi және жергiлiктi соттар мұрағаттарының жұмысын ұйымдастырады;
      10) азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарайды;
      11) әкiмшiлердiң қызметiн материалдык-техникалық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      12) жергiлiктi соттардың ғимараттары мен үй-жайларын және соттар мен Комитетке ведомстволық қарасты басқа да объектiлердiң құрылысын, жөндеуiн және техникалық жарақтануын ұйымдастырады;
      13) жергiлiктi соттар мен әкiмшiлердiң бюджет қаражатын жұмсауын бақылайды, олардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзедi;
      14) заңнамаға сәйкес соттардың, әкiмшiлердiң және Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шараларды жүзеге асырады.
      15) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.22. N 536
                жарлығымен. U010536_
      12. Комитет өз құзыретi шегiнде:
      1) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға;
      2) жергiлiктi соттар судьяларының және атқарушылық өндіріс органдары қызметкерлерінің еңбегiн қорғау, материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Үкiметке ұсыныстар енгiзуге хақылы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.22. N 536
                жарлығымен. U010536_
      13. Заңнамаға сәйкес жергiлiктi соттардың сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады.
      14. Комитет орталық аппараттан және оның әкiмшiлерiнен тұрады.
      15. Комитеттi төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      Комитет төрағасының мәртебесi Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органның басшысы мәртебесiне теңестiрiледi.
      16. Комитет төрағасының орынбасарлары болады, оларды Комитет төрағасы Жоғарғы Сот Төрағасының келiсiмiмен тағайындайды және босатады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының мәртебесi Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары мәртебесiне теңестiрiледi.
      17. Комитет төрағасы Комитет пен әкiмшiлердiң қызметiн ұйымдастырады және басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
      Осы мақсатта Комитет төрағасы:
      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсе отырып, Комитет қызметкерлерi мен әкiмшiлерiнiң жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат саны лимитiнiң мөлшерiнде белгiлейдi;
      2) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      3) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiн құрады және осы бөлiмшелер туралы ереженi бекiтедi;
      4) заңнамаға сәйкес Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, сондай-ақ облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларының келiсiмiмен әкiмшiлердi тағайындайды және босатады;
      5) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;
      6) басқа мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен қарым-қатынаста Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;
      8) Жоғарғы Соттың Төрағасын Комитеттiң қызметi туралы жыл сайын хабардар етiп отырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      18. Комитеттiң Комитет төрағасы жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Комитет төрағасы бекiтедi.

                    3. Облыстардағы әкiмшiлердiң өкiлеттiктерi

      19. Жергiлiктi соттардың қызметiн тиiстi облыстағы (Астана мен Алматы қалаларындағы) әкiмшiлер қамтамасыз етедi.
      20. Әкiмшi:
      1) соттардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады;
      2) соттардың қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      3) судьялар, сот қызметкерлерi үшiн тиiстi материалдық және әлеуметтiк жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады;
      4) соттар мен сот аппараттарын нормативтiк құқықтық актiлермен, заң әдебиетiмен және анықтамалық-ақпараттық материалдармен қамтамасыз етедi;
      5) сот статистикасын, iс жүргiзудi және мұрағат жұмысын жүргiзудi ұйымдастырады;
      6) соттардың үй-жайлары мен басқа да мүлкiн күзетудi ұйымдастырады,

соттар көлiгi мен байланыс құралдарының үздiксiз жұмысын, шаруашылық 
қызметiнiң жұмысын қамтамасыз етедi;
     7) соттардың ғимараттары мен үй-жайларының құрылысын, сондай-ақ 
оларды жөндеу мен техникалық жарақтауды ұйымдастырады;
     8) сот төрағалары бекiтетiн соттардың шығыс сметаларының жобаларын 
әзiрлейдi және Комитеттiң тиiстi бөлiмшесiне ұсынады;
     9) заңнама мен осы Ережеге сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге 
асырады.

                             4. Комитеттiң мүлкi

     21. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     23. Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға 
немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге хақысыз.
     Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке иелiк 
ету құқығы берiлуi мүмкін.

                   5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

     24. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

                                                   Қазақстан Республикасы
                                                       Президентінің
                                                   2000 жылғы 12 қазандағы
                                                      N 471 Жарлығымен
                                                         бекiтiлген

               Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
                 Сот әкiмшілігі жөнiндегі комитетiнiң құрылымы
<*>

     Ескерту. Өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 
              2001.01.22. N 536 Жарлығымен.  

U010536_

  
     
     Басшылық
     Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментi
     Облыстардағы соттар мен әкiмшілердiң қызметiн ұйымдастыру департаментi
     Облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкiмшілер
     
     Мамандар: 
       Багарова Ж.А.
       Икебаева А.Ж.