Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 9 қазан N 459

Жаңартылған

      "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 U000377_ Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен;
      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 U990321_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 562-құжат):
      Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде:
      бірінші тарауда:
      екінші абзацтағы "нормаларын бұзуы," деген сөздерден кейін "тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - уәкілетті органның комиссиясы) - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) тәртіптік ретпен жазаланатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған С-1, С-2, С-3 санаттарындағы қызметшілердің тәртіптік істерін қарау үшін құрылатын тұрақты алқалы орган.";
      4-тармақтағы "бір жыл" деген сөз "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Қызметтік тексеру мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы мемлекеттік органның кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) теріс қылық жасалған күннен немесе ол байқалған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
      Мемлекеттік орган басшысының бұйрығы болмаса қызметтік тексерулер жүргізуге жол берілмейді.
      Қызметтік тексерулер қызметшінің уақытша еңбекке жарамсыздығы, оның демалыста немесе іссапарда болу кезеңінде тоқтатыла тұрады.";
      мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:
      "20-1. С-1, С-2, С-3 санаттарындағы қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қызметтік тексерулер уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы Ереженің 20-тармағында белгіленген мерзімде және тәртіппен уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жүргізеді.
      Қажетті жағдайларда уәкілетті орган қызметтік тексеру жүргізуді өз мемлекеттік органының кадр қызметіне тапсыруы мүмкін.";
      21-тармақтағы "сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия" деген сөздер алып тасталсын;
      22-тармақта:
      "кадр қызметі" деген сөзден кейін "немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қарауына" деген сөзден кейін "тиісті дәлелденген қорытындылармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақ "кадр қызметі" деген сөздерден кейін және 24-тармақ "кадр қызметінің қызметкері" деген сөздерден кейін "немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
      "25-1. Уәкілетті органның комиссиясы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалады, ол комиссияның құрамын айқындайды және осы комиссия мүшелерінің ішінен Төрағаны тағайындайды.";
      28-тармақ "жүргізген кадр қызметі" деген сөздерден кейін "немесе уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;
      31-тармақтың бірінші абзацы "орган басшысының" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органның комиссиясы шығарған ұсынымдардың жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 31-1 тармақпен толықтырылсын:
      "31-1. Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшілердің қылмыстық ісін қарау жөніндегі өз жұмысында уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауға және қарау нәтижелері бойынша он күн мерзімде уәкілетті органға тиісті шешімнің көшірмесін және тоқсан сайынғы есептерді беруге міндетті.";
      36-тармақ "органның" деген сөзден кейін "немесе уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ, қызметшінің іс-қимылында теріс қылықтың белгісі болса, жаза қылмысты істі қозғаудан бас тарту не оны тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қолданылуы мүмкін.";
      42-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшілерге мемлекеттік органның басшысы қолданған жазалар туралы мәліметтерді құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі уәкілетті органға кадр қызметінің міндетті түрде тапсыруына жатады.";
      46-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жазаның мерзімінен бұрын алынуы уәкілетті органның келісімі бойынша ғана жүргізіледі.";
      51 және 52-ші тармақтардағы "мемлекеттік қызмет істері жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде облыстық, Астана мен Алматы қалалары Тәртіптік кеңестерінің, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік ісін қарау уәкілеттіктерін жойып, өзінің бұрынғы қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлықтың атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

      Мамандар:
      Багарова Ж.А.
      Икебаева А.Ж.