Қазақстан Республикасының мәдени және гуманитарлық салаларын дамытуға бағытталған қайырымдылық және демеушілік қызметін көтермелеу мақсатында қаулы етемін: 1. Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы 30 Құрмет дипломы (бұдан әрі - Диплом) тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: Диплом нысанының сипаттамасы; Дипломның омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Дипломмен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережені әзірлесін және бекітсін; 2) Дипломды беру жөніндегі комиссияны құрсын және оның құрамын бекітсін; 3) дипломдарды әзірлеуге байланысты жыл сайын шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды көздесін; 4) Дипломмен марапатталуға ұсынылатын адамдардың дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 423 Жарлығымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы нысанының СИПАТТАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломының негізі (бұдан әрі - Диплом) өлшемі 250х290 миллиметр, биіктігі 18 миллиметр мөлшерлі қатты ағаш түрлерінен жасалады, қоңыр күрең түске енгенше өңделеді, оған көлемі 210х140 миллиметр, қалыңдығы 0,35 миллиметр екі металл пластина арнайы желіммен жапсырылады, олардың ара қашықтығы 5 миллиметр болады.
2. Диплом негізінің барлық жақтауы күллі периметрін бойлай ойыс
келеді және табанынан бет жағына қарай 5 миллиметрге тарылады. 3. Диплом мәтіні алтын түсті металл пластинаға қара бояумен трафареттік тәсілмен басылады. 4. Дипломның ортасында жоғарыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы орналасады. 5. Дипломның сол жағында елтаңбадан төменірек мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында тиісінше орыс тіліндегі мазмұны бейнеленеді. 6. Барлық полиграфиялық жұмыстар орындалғаннан кейін пластиналар арнайы лакпен боялады. 7. Дипломның сырт жағында орта тұсында жоғарыда аспалы ұңғыма ойық жасалады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 423 Жарлығымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломының омырауға тағатын белгісінің СИПАТТАМАСЫ
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломының омырауға тағатын белгісі (бұдан әрі - Белгі) диаметрі 30 миллиметр шеңбер нысанды болады. Шеңбердің ортасында театр колоннасын, қобызды, сондай-ақ үш қалампыр гүлін ұстаған қолды бейнелейтін композицияны қамтитын Мәдениетті қолдау жылының ресми эмблемасы бейнеленген. Шеңбер периметрі бойынша жиектелген.
Белгінің сырт жағында "Қазақстан Республикасы мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін" деген жазу бар. Белгі мельхиордан жасалады. Белгі көзді құлақша мен шығыршықтың көмегімен тікбұрыш нысанды латуньнан жасалған тағанмен жалғасады. Жоғарғы және төменгі бөліктерінде жиектемелері бар тағанның биіктігі 18 миллиметр, ені 24 миллиметр. Таған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы түстес қатқыл лентамен қапталады. Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.