Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 5 шілде N 416

Қолданыстағы

      2000 жылдың Мәдениетті қолдау жылы болып жариялануына байланысты, сондай-ақ Астана қаласын одан әрі әлеуметтік-мәдени дамыту және аса көрнекті қазақ әншісі Күләш Байсейітованың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Астана қаласындағы опера және балет театрына Ұлттық театр мәртебесі берілсін.
      2. Ұлттық опера және балет театры Қазақстан Республикасы халқының игілігі болып табылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Театрды Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры деп қайта атасын;
      2) Театрға республикалық бюджеттен заңдарда белгіленген тәртіппен қаржылық қаражат бөлуді, сондай-ақ оның шығармашылық ұжымдарын қалыптастыруға жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Астана қаласының әкімі Театрды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оның қызметкерлеріне басымдықпен тұрғын үй бөлу жөнінде шаралар қолдансын.        5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

       Қазақстан Республикасының
           Президенті

      Оқығандар: Икебаева А.Ж.
                 Багарова Ж.А.