Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлар ықпалына тәуелділігін азайту мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын.
2. Былай деп белгіленсін:
1) Қор активтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шотында шоғырландырылады;
2) Қор активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады;
3) Қордың көлемі мен пайдаланылуы бағыттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне Қорды қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi жылдық есептi табыс етедi.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.29. N 543 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, 2000 жылғы 1 қарашаға дейін:
1) Қор қызметін ұйымдастыру үшін қажетті және Қор активтерін транспарентті әрі тиімді басқаруды қамтамасыз ететін нормативтік құжаттардың жобаларын дайындап, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;
2) Қор активтерін түзудің көздері туралы мәселені пысықтау, қажет болған жағдайда заң актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу;
3) Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті мен Үкіметі өкілдерінің қатысуымен Қордың басқару органдарын құру жөнінде ұсыныстар табыс ету тапсырылсын.
4. Осы Жарлық осы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті