Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3057 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірдегі N 374 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығымен .  

      Қазақстан Республикасының кейбір мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты қаулы етемін: 

      1. "Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 326-құжат) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3057  U963057_  Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы ережеге: 
      1) мыналар жаңа редакцияда жазылсын: 
      5-тармақтың бірінші абзацы: "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және саяси баспана алуды қалайтын адам Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне (бұдан былай - Көші-қон және демография жөніндегі агенттік) немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазбаша өтініш беруге тиіс"; 
      5-тармақтың төртінші абзацы: "Өтініш беруші адам саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін кемінде екі рет Көші-қон және демография жөніндегі агенттікте немесе оның аумақтық бөлімшесінде, не өзінің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде (консулдық мекемесінде) белгіленіп отырады. Осы тәртіп сақталмаған жағдайда Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің немесе оның аумақтық бөлімшесінің не дипломатиялық өкілдіктің (консулдық мекеменің) мән-жай анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді кідірте тұруға құқығы бар". 
      6-тармақ: "Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің аумақтық бөлімшелері немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі (консулдық мекемесі) материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілге аудармасымен) Көші-қон және демография жөніндегі агенттікке жібереді". 
      2) 7, 8, 13, 14, 15 және 17-тармақтарда "Көші-қон департаменті" және "Көші-қон департаментіне" сөздері тиісінше "Көші-қон және демография жөніндегі агенттік" және "Көші-қон және демография жөніндегі агенттікке" сөздерімен алмастырылсын. 
      3) 8, 10, 17-тармақтарда "Азаматтық бөліміне", "Азаматтық бөлімі" сөздері тиісінше "Мемлекеттік-құқық бөліміне", "Мемлекеттік-құқық бөлімі" сөздерімен алмастырылсын;
      4) Ереже мынадай мазмұндағы V бөліммен толықтырылсын:

"Саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерге
шағымдану

      20. Уәкілетті органның саяси баспана беру туралы арызды қабылдаудан негізсіз бас тартуына, өтінішті қарау мерзімдерін бұзуына немесе лауазымды адамдардың өтінішті қарауға және қабылданған шешімдердің орындалуына байланысты басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне бағыныстылық жағынан жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануға болады".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті