Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз ету мақсатында, "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына нақты мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған оның құзыреті шеңберінде салалық (ведомстволық) тиесіліктегі мәліметтерді, сондай-ақ өздерінің ұсынуы бойынша басқа мемлекеттік органдардың тиісті тақырыптық бағыттағы мәліметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік берілсін.
3. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды тұлғалары нақты мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөніндегі өздері қабылдаған шешімдердің негізділігі мен осы мәліметтерді уақтылы құпиясыздандыру үшін жеке жауапты болады деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 371 Жарлығымен бекітілген |
Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген
лауазымды тұлғаларының
ТІЗБЕСІ
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.09.2015 N 92 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.09.2018 № 746 Жарлығымен.
Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарының атаулары мен "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптарында айқындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтердің тізбесін қамтиды.
Көрсетілген лауазымды адамдар басқаратын мемлекеттік органдарға Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерге билік ету өкілеттігі беріледі және олар осының негізінде ведомстволық, салалық немесе бағдарламалық-нысаналы тиесілігін ескере отырып, нақты мәліметтердің (мәліметтер тобының) құпиялылық дәрежесін айқындау үшін құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық (салалық) тізбелерін әзірлейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13, 14-баптарында айқындалған барлық мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісуден кейін өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін бекітеді.
2. Тізбеде мынадай ұғымдар қолданылады:
"арнайы объектілер" - мемлекетті және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқару пункттері және соғыс уақытында мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де объектілер;
"әскери объектілер" - әскердің ұрыс шептері, басқару пункттері, полигондар, байланыс тораптары, базалар, қоймалар және әскери мақсаттағы басқа да құрылыстар;
"режимдік объектілер" - жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қосымша қауіпсіздік шаралары белгіленген әскери және арнайы объектілер, әскери бөлімдер, ұйымдар, мекемелер;
"әскери техника" - әскерлердің қызметін жауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдар, сондай-ақ осы құралдарды бақылауға және сынауға арналған жабдықтар мен аппаратуралар, осы құралдардың құрамдас бөліктері мен жиынтықтау бұйымдары.
Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды тұлғалары | Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер |
1 | 2 |
1. Әскери саладағы мәліметтер | |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 1) Әскерлерді қолданудың жоспарларын, жедел жоспарларды, жауынгерлік басқару құжаттарын, әскерлерді жауынгерлік даярлықтың әртүрлі дәрежесіне келтіру жөніндегі құжаттарды ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің стратегиялық өрістетілуі туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 3) Әскерлердің дамуы, саны, жауынгерлік құрамы немесе мөлшері, олардың жауынгерлік даярлығы, сондай-ақ әскери-саяси және (немесе) жедел жағдайлары туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Әділет министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 4) Әскерлердің жедел (жауынгерлік) даярлығының, қызметінің қамтамасыз етілуінің жай-күйін, әскерлерді басқару жүйесінің құрамын және (немесе) жай-күйін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Әділет министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 5) Әскерлердің жұмылдырушылық өрістетілуі, адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу, жұмылдырушылық өрістетілуді басқару жүйесі туралы және (немесе) әскерлерді жеке құраммен жасақтаудың, қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық, қаржы қаражатымен, сондай-ақ әскери тасымалдаумен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 6) Қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың бағыттарын, ұзақ мерзімді болжамдарын немесе жоспарларын, қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жасау немесе жаңғырту жөніндегі мақсатты бағдарламаларды зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын немесе нәтижелерін, олардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын ашып көрсететін мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Энергетика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 7) Қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеудің бағыттарын, оларды даярлаудың конструкциясын, технологиясын, изотоптық құрамын, жауынгерлік, физикалық, химиялық немесе ядролық қасиеттерін қолдану немесе пайдалану тәртібін ашып көрсететін мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Білім және ғылым министрі, Инвестициялар және даму министрі, Денсаулық сақтау министрі | 8) Бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын (заттай түрде) шығару және (немесе) жеткізу жөніндегі өндірістік қуаттарды, жоспарлы немесе іс жүзіндегі деректерді ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Энергетика министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 9) Қорғаныстық және экономикалық маңызы зор атом ғылымы мен техникасының немесе қару-жарақ пен әскери техниканың және (немесе) принципінде жаңа бұйымдар мен технологиялар жасау мүмкіндіктерінің сапасы жөнінен жаңа деңгейін анықтайтын жетістіктерін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 10) Ракеталық отын, баллистикалық оқ-дәрі, әскери мақсаттағы жарылғыш заттар немесе жару құралдары, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникаға арналған жаңа құймалар, арнайы сұйықтар, отын өндірудің қасиеттерін, рецептурасын немесе технологиясын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 11) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ашық жариялауға жататын объектілердің тізбесіне кіргізілмеген әскерлердің орналасқан жерін, шынайы атауын, ұйымдық құрылымын, қару-жарағын, санын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ұлттық экономика министрі, Білім және ғылым министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Ақпарат және коммуникациялар министрі | 12) Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде пайдалану туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ұлттық экономика министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша міндеттемелеріне кірмейтін режимді объектілердің орналасқан жері, мақсаты, даярлық дәрежесі немесе қорғалуы туралы, аталған объектілерді салу үшін жер учаскелерін, жер қойнауларын немесе айдындарды таңдау, бөлу туралы, сондай-ақ бұл объектілерді жасау жөнінде жоспарланып немесе жүргізіліп отырған іздестіру, жобалау және өзге де жұмыстар туралы мәліметтер. Мемлекеттік өкімет органдарының арнаулы объектілеріне қатысты нақ сондай мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Ақпарат және коммуникациялар министрі | 14) Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасының өзара ұштастырылған байланыс желілерін пайдалану немесе оларды дамытудың болашағы туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Ақпарат және коммуникациялар министрі | 15) Магистралды қалааралық байланыс желілерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі жалға алатын запастағы байланыс тораптарының географиялық координаттарын қамтитын схемалары мен сипаттаулары бар олардың қуаттары туралы деректер көрсетілген жиынтық мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Ақпарат және коммуникациялар министрі | 16) Әскери немесе арнаулы мақсаттағы радиоэлектронды құралдармен радиожиіліктері белдеулерінің бөлінуін немесе пайдаланылуын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 17) Байланыстың барлық түрлерінің, әскерлерді радиолокациялық, радиотехникалық қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын немесе олардың жұмыс істеуін ашатын мәліметтер. |
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | 18) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің негізгі қызмет түрлерін ұстауды, ұйымдастыруды немесе олардың нәтижелерін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Білім және ғылым министрі, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 19) Қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды дамытудың бағыттарын, бұл құралдарды, технологияларды жасау немесе жаңғырту жөніндегі нысаналы бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын, нәтижелерін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 20) Қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды әскери мақсаттарда қолдану туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 21) Қазақстан Республикасының ғарыштық инфрақұрылымдарын оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде дамытудың перспективалары туралы және (немесе) оларды пайдалану туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі | 22) Мемлекеттің қорғанысы мен оның қауіпсіздігі мүдделерінде гидронавтиканы дамытудың жай-күйін және (немесе) бағыттарын ашып көрсететін мәліметтер. |
2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер | |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 1) Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуге дайындауды айқындайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Инвестициялар және даму министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі | 2) Ғылым мен техника саласында принципті жаңа бұйымдарды жасауға пайдаланылуы мүмкін ең жаңа жетістіктердің, экономиканың түрлі салаларындағы технологиялық процестердің мәнін ашатын, сондай-ақ жария болуы мемлекет мүддесіне залал келтіруі мүмкін қару-жарақтар мен әскери техника мүмкіндіктерінің, олардың жауынгерлік тиімділігін арттырудың сапалық жаңа деңгейін анықтайтын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Білім және ғылым министрі, Ішкі істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 3) Мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі мүдделерінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық немесе жобалық жұмыстардың мазмұнын және (немесе) бағыттарын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 4) Мемлекеттің қауіпсіздігі мүддесінде жүргізілетін шараларды ашатын кадрларды даярлау немесе бөлу туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Инвестициялар және даму министрі, Энергетика министрі, Ауыл шаруашылығы министрі | 5) Гидрометеорология немесе гелиогеофизика саласындағы жұмыстардың нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде жүргізілетін арнаулы геологиялық-геофизикалық зерттеулердің нәтижелерін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық экономика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы | 6) Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жоспарын (тапсырмасын), қару-жарақ пен әскери техниканы беру көлемін, оларды шығару жөніндегі өндірістік қуаттарды ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 7) Кәсіпорындардың кооперация жөніндегі байланыстары, қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеушілер немесе дайындаушылар туралы мәліметтер, егер бұл мәліметтер оларды шығару жөніндегі өндірістік қуаттар және (немесе) қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі тактикалық-техникалық сипаттамасы туралы деректерді ашатын болса. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 8) Қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық жағынан қамтамасыз етудің жай-күйін, әскери эталондардың техникалық немесе метрологиялық сипаттамаларын немесе қару-жарақ пен әскери техниканың сапалық жағынан жаңа деңгейін айқындайтын метрологиялық қамтамасыз ету құралдарын ашатын мәліметтер. Стандарттауды дамытудың негізгі бағыттарын немесе бағдарламаларын, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника саласындағы стандарттардың мазмұнын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 9) Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық прогрестің болжамды бағалануын және оның мемлекеттің қорғаныс қабілетін айқындайтын бағыттар бойынша әлеуметтік-экономикалық салдарларын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі | 10) Металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды өндіруі туралы мәліметтер. |
Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі | 11) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда жер қойнауларындағы ресурстық әлеуетті, баланстық қорларды ашатын мәліметтер немесе пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерін өндіру туралы деректер. |
Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Энергетика министрі | 12) Республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді (қорытылған көрсеткіштерден басқа) ашатын шығыстары туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Қаржы министрі | 13) Қару-жарақ пен әскери техниканы жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды ашатын мәліметтер. Арнаулы объектілердің мүдделерінде жүргізілетін жұмыстарға қатысты нақ сондай мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Энергетика министрі, Қаржы министрі | 14) Қару-жарақ пен әскери техниканы, режимдік объектілерді әзірлеу, өндіру немесе жөндеу тапсырыстарына арналған қаржыны немесе нақты шығындарды ашатын мәліметтер. Арнаулы объектілерге де қатысты нақ сондай мәліметтер. |
Сыртқы істер министрі, Қаржы министрі, Ұлттық экономика министрі, Әділет министрі | 15) Сыртқы берешектер бойынша жинақталған көрсеткіштерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен реттелмеген есеп айырысулары жөніндегі мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 16) Мемлекеттік органдар сметаларының жекелеген баптары бойынша әскерлерді ұстауға арналған ақша қаражатының шығыстарын ашатын мәліметтер. |
Қаржы министрі, Ұлттық Банктің Төрағасы | 17) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының жаңа банкноттары мен монеттерін шығару және (немесе) оларды ауыстыру туралы мәліметтер, егер оларды ауыстыру шешім қабылданған күннен бастап және бұл мәліметтерді оларды айналысқа шығару туралы жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына берген кезге дейін банкноттар мен монеттерді (мерейтойлық және атаулы күндерге арналғандардан басқа) айналыстан алып тастауға әкеп соқтыратын болса. |
Қаржы министрі, Ұлттық Банк Төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 18) Мемлекеттік бағалы қағаздарды, құжаттарды қолдан жасаудан қорғау әдістері, сондай-ақ олардың төлнұсқалылығын айқындаудың әдістері туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Инвестициялар және даму министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 19) Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау (жөндеу) жөніндегі жұмылдыру қуаттары, бұл қуаттарды жасау және (немесе) дамыту (сақтау) туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 20) Жаппай қолданылатын өнімдерді, шикізаттың, материалдардың стратегиялық түрлерін өндіру жөніндегі жұмылдырушылық қуаттар, осы қуаттарды жасау және (немесе) дамыту (сақтау) туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Білім және ғылым министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы | 21) Индикациялау, газсыздандыру, халықты жаппай қырып-жою қаруларынан химиялық қорғау құралдарын немесе олар үшін жаңа сорбционды және басқа да материалдар жасау мақсатында жүргізілген жұмыстарды ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі | 22) Қорғаныстық немесе экономикалық маңызы зор топографиялық, геодезиялық немесе картографиялық қызметтердің нәтижелерін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 23) Көлік желілерінің, көлік құралдарының жай-күйін, оларды әскери мақсаттар үшін жабдықтауды, дайындауды, әскери тасымалдардың көлемін және қару-жарақ пен әскери техниканы тасымалдау бағыттарын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 24) Темір жолдардың жүктерді темір жолмен тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін және (немесе) жұмылдыру резервтерін, әскери тасымалдауды ұйымдастыру мен олардың көлемін, энергетикалық, минералдық, ауыл шаруашылығы шикізаттарының, отындардың, материалдардың стратегиялық түрлерін, қару-жарақтың немесе әскери техниканың жекелеген түрлерін тасымалдаудың көлемі мен тасымалдау бағыттарын, байланыс немесе басқару жүйелерін ұйымдастыруды және (немесе) олардың жұмыс істеуін, сондай-ақ темір жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Инвестициялар және даму министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы | 25) Әскерлерді тиеу немесе түсіру пункттерінің орналасқан жерін, мамандануын, қуатын және (немесе) өткізу қабілетін, оларға азық-түлік, медициналық-санитариялық жағынан қызмет көрсету туралы деректерді ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Инвестициялар және даму министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 26) Көлік құралдарына, оның ішінде көліктің жекелеген түрлері бойынша жұмылдырушылық қажеттіліктерін және (немесе) олармен жұмылдырушылық жөнінен қамтамасыз етілуді ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі | 27) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда азаматтық қорғаныс күштерінің немесе құралдарының жай-күйін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 28) Қазақстан Республикасы экономикасының жұмылдырушылық жоспарын құрылымдық жағынан ұйымдастыруды немесе олардың көрсеткіштерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың немесе жекелеген ұйымдардың жұмылдырушылық дайындығының жай-күйін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Энергетика министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 29) Мемлекеттік материалдық резервтің нақты запастарын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 30) Қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге арналған құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары, халықтың тіршілік ету жүйелерін қамтамасыз ететін объектілерге және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорының жасалуы мен сақталуын сипаттайтын мәліметтер, тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша құжаттаманың сақтандыру қорын сақтау объектілерін (базаларын) орналастыру туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Білім және ғылым министрі, Ішкі істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 31) Қазақстан Республикасының өнеркәсібін жұмылдыруға дайындау және жұмылдыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын, мазмұнын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Қаржы министрі, Ұлттық экономика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық Банктің Төрағасы | 32) Қазақстан Республикасының соғыс уақыты кезіндегі шет елдермен төлем балансын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Инвестициялар және даму министрі | 33) Елді қорғау мүдделерінде пайдаланылуы мүмкін кен қазу орындары, табиғи үңгірлер, метрополитендер немесе басқа да ғимараттар туралы мәліметтер, сондай-ақ 300 мың адамнан астам тұрғындары бар қалаларды сумен жабдықтаудың, теміржол тораптарының, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар объектілердің және (немесе) оларды сумен жабдықтайтын су құбырларының бас ғимараттарының орналасу схемаларын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | 34) Қару-жарақты, әскери техниканы жасауға, өндіруге және (немесе) пайдалануға жағдай туғызатын, олардың күзетілетін параметрлерін ашатын физикалық-химиялық құбылыстар (өрістер) туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Энергетика министрі | 35) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың күші қолданылатын және олармен алмасу көзделетін мәліметтер мен ашық көздерден немесе оларға еркін қол жеткізу арқылы алынуы мүмкін мәліметтерді қоспағанда, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету туралы мәліметтер. |
Білім және ғылым министрі | 36) Бюджет қаражаттары есебінен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуді, кешенді тестілеу мен тестілеудің басқа да түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын тестілердің мазмұнын және олардың дұрыс жауаптарының кодтарын ашатын мәліметтер. |
3. Сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы мәліметтер | |
Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | 1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының стратегиясы мен тактикасын ашып беретін сыртқы саясат, сыртқы сауда, ғылыми-техникалық байланыстар мәселелері жөніндегі, күнібұрын таратылуы мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Инвестициялар және даму министрі, Ішкі істер министрі, Энергетика министрі, Сыртқы істер министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 2) Егер жария еткен жағдайда олардың көзін анықтауға әкеп соғуы мүмкін бір немесе бірқатар шет мемлекеттерге қатысты сенім білдіру тәртібімен алынған, саяси, әскери, ғылыми-техникалық немесе экономикалық мәселелер жөніндегі мәліметтер. |
Қорғаныс министрі,Сыртқы істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Ішкі істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 3) Егер келіссөзге қатысушылардың пікірі бойынша бұл мәліметтерді жария ету тараптардың біреуі үшін дипломатиялық шиеленістерге әкеп соқтыруы мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері мен басқа мемлекеттердің өкілдері арасындағы халықаралық қатынастарда бірыңғай принципті көзқарас тұжырымдау жөніндегі келіссөздер туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Инвестициялар және даму министрі, Сыртқы істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Энергетика министрі | 4) Күні бұрын тарату Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетіне, қауіпсіздігіне, саяси немесе экономикалық мүдделеріне зиян келтіру мүмкін халықаралық шарттарды әзірлеу, жасасу, олардың күшін жоюға дайындау, мазмұны немесе орындалуы туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Инвестициялар және даму министрі, Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 5) Егер бұл мәліметтерді жария ету талаптардың біреуі үшін дипломатиялық шиеленістерге әкеп соқтыруы мүмкін болса, алушы елдері көрсетілетін қару-жарақтың, әскери техниканың немесе керек-жарақтардың экспорты мен импорты туралы мәліметтер, сондай-ақ шет мемлекеттерге қару-жарақты, әскери техника мен әскери объектілерді жасауға техникалық жәрдем, оның ішінде тегін көрсету туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Энергетика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы | 6) Шет мемлекеттермен ерекше кезеңдегі экономикалық ынтымақтастықтың мәнін немесе көлемін, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің осы мәселелер жөніндегі сыртқы экономикалық ұйымдары әскери-жұмылдыру органдарының өзара іс-қимылын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Ішкі істер министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 7) Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы есептік жылға арналған шикізатты, материалдарды, отынды, жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді өзара беруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың немесе соңғыларына тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша есептік жылға арналған кәсіпорындар мен объектілерді салуға техникалық жәрдем көрсету жөніндегі шаралардың мазмұнын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Энергетика министрі | 8) Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы жалпы Қазақстан Республикасы бойынша есептік жылға арналған экспорттық-импорттық жүктерді тасымалдау көлемін ашатын мәліметтер. |
4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер | |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 1) Барлау, қарсы барлау қызметінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, нәтижелерін, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық процесте пайдаланылмаған қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер ретіндегі нәтижелерін ашып көрсететін мәліметтер. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін қаржыландыру туралы деректер, егер олар аталған мәліметтерді ашып көрсететін болса. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 2) Нақты адамдардың Қазақстан Республикасының барлау, қарсы барлау органдарының кадрлар құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 3) Барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органдарына құпия көмек көрсететін (көрсеткен) адамдар туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 4) Сыртқы барлау саласында жүргізілетін жедел жұмылдыру жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелерін ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 5) Қазақстан Республикасының қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 6) Жедел жұмылдыру жұмысының жай-күйін, нәтижелерін, сондай-ақ шараларын ашатын мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 7) Радиоэлектрондық барлау, байланыс құралдары органдарының күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын, жай-күйі мен қызметінің нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса. |
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса. |
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | 9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің барлау, қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерімен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер. |
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 10) Үкіметтік байланыс, шифрланған, құпияландырылған, кодталған немесе арнаулы байланыстың өзге де түрлерінің жүйесі туралы мәліметтер және мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, шифрлау, құпияландыру, кодтау құралдары туралы ақпарат. |
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Ішкі істер министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Президенттің Іс басқарушысы | 11) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, күштері, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер. |
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Ішкі істер министрі, Инвестициялар және даму министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Президенттің Іс басқарушысы | 12) Жоғары өкімет және басқару органдарының басқа да күзетілетін адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, күштерін, құралдарын немесе әдістерін ашатын мәліметтер. |
Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы | 13) Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің күштерін, құралдарын және әдістерін, сондай-ақ олар жүргізетін жедел-іздестіру және жедел-техникалық шараларды ашатын мәліметтер. |
Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы | 14) Нақты адамдардың қылмыстық-атқару жүйесінің, экономикалық тергеу қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, сондай-ақ ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына жататындығын ашатын мәліметтер. |
Ішкі істер министрі, Қаржы министрі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Бас прокурор | 15) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүдделерін қозғайтын қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізудің күштерін, құралдары мен әдістерін ашатын мәліметтер. |
Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттіктер берілген басшылары | 16) Мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыруды немесе оның іс жүзіндегі жай-күйін ашатын мәліметтер. |
Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттіктер берілген басшылары | 17) Ақпараттарды рұқсат етілмей алудан, шетелдік техникалық барлаудан және техникалық арналар арқылы өтіп кетуден қорғау жөнінде жоспарланатын және (немесе) жүргізілетін шараларды ашатын мәліметтер. |
Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры | 18) Арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер. |
Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттіктер берілген басшылары | 19) Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер. |